ДИКТОР: Ауадан кейін адам өміріне жарық, су сонымен қатар жылу қажет. Осы орайда «Көкше жылу» коммуналдық мекемеде Малий әулеті 30 жылдан астам еңбектеніп жүр.

РКС: Валерий Малий 8-ші сыныптан кейін ауыл шаруашылығы техникумға оқуға түсті. Оқуын аяқтағаннан кейін бірден Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.

СНХ: ВАЛЕРИЙ МАЛИЙ, ЖҮРГІЗУШІ: 1989 жылы әскерден келе сала, «Көкше жылу» коммуналдық мекемесіне жұргізуші ретінде жұмысқа орналастым. 1991 жылы маған жаңа ГАЗ-53 көлігін берді. Міне, 30 жылдан асты. Ол мен де жалғыз, мен онда жалғызбын.

РКС: Көлікке өте ұқыпты қараймын, себебі сол көлік арқылы қала бойынша қауіпті заттарды тасимын,-дейді Валерий. Ол өзінің жан-жары Ларисамен техникумда оқып жүргенде танысты. Бүгінде 3 баланың ата-анасы. Лариса Малий 2003 жылдан бері «Көкшетау жылу» мекемесінде жұмыс істеп келеді. Оның міндеті суды тазартып, оны жылу жүйелеріне жіберу. Соның нәтижесінде жыл сайын жылу маусымына дайындық кезінде белгіленген жұмыстар тиянақты, әрі сапалы жүргізіліп, тұтынушыларға жылу беру уақытында жүзеге асып келеді.

СНХ: ЛАРИСА МАЛИЙ, ХИМИЯЛЫҚ ЦЕХТЫҢ ШЕБЕРІ: Алғашқы еңбек өтілімді лаборонт ретінде бастадым. 2019 жылы маған химиялық цехтың шебері болуына ұсыныс ұсынды. Мен бірден келістім. Жұмыс әрине ауыр. Сондықтан, цехте бізге көмектесетін ер адамның болғанын қалаймыз. Бірақ, жұмыстың ауырлығы нәзік жандылардың жауапкершілігінде.

РКС: Таза еңбегімен, кәсіби шеберлігімен, маңдайынан аққан тері сорғалап жүрген еңбек адамдары қашан да құрметке лайық.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ