ДИКТОР: Төрт баланың анасы Әсел Ағзамова Ақмола облысындағы жалғыз агроном әйел. Ол Бурабай ауданына қарасты серіктестікте еңбек етеді. Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін бітіргеннен кейін мамандығы бойынша бірден жұмысқа орналасқан. Алғашқы еңбек өтілі агрохимиялық қызметте кіші ғылыми қызметкер ретінде басталды.

РКС: 2008 жылы Әсел Ағзамова Бурабай ауданының фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығына жұмысқа шақырту алды. Аталған мекемеде ол өсімдіктерді қорғаумен айналысты. Сондай-ақ, егістік алқаптарының арамшөптерін, зиянкестері мен түрлі өсімдік ауруларын зерттеді. Биыл «Burabuy 2007» агрофирмасына бас агроном болып орналасыпты. Әсел отбасылық өмір мен жұмысты қатар алып жүрудің оңай еместігін айтады. Тек жақындарының қолдауының арқасында ғана бұл салада аянбай еңбек етіп жүр.

СНХ: ӘСЕЛ АЗҒАМОВА, «BURABUY 2007 АГРОФИРМАСЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС АГРОНОМЫ: Ер азаматтың жұмысын қалай алып жүрсің деп жұрт үнемі сұрайды. Мен нәзік жандымын, онымен қоса 4 баланың анасымын. Олардың бәрі әлі кішкентай. Үлкен қызым он жаста, ал кішкентайым 2-де ғана. Бәріне үлгеремін, себебі күйеуім мен ата-енем әрдайым демеп отырады. Бала тәрбиесінде олардың қолдауы зор.

РКС: Бірлігі жарасқан ұжыммен барлық қиындықты оңай еңсеруге болады. Әріптестеріммен жолы болған бақытты жанмын,-дейді. Олар да оны жайдары, көпшіл, еңбекқор адам ретінде қатты құрметтейді, бағалайды.

СНХ: ТАТЬЯНА КОНСТАНТИНОВА, «BURABUY 2007 АГРОФИРМАСЫ» СЕРІКТЕСТІГІ КАДР БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ: Әсел сәуір айынан бері жұмыс істеп жатыр. Көпбалалы ана болғанына қарамастан, өз ісінің кәсіби маманы екенін дәлелдеді. Таңның атысы, күннің батысы танап басында. Әсел командаға тез сіңісіп кетті. Оның алдына қойылған міндетті өте жақсы атқара алды деп есептеймін.

РКС: Агроном Әсер Ағзамова өзі атқаратын жұмысының қыр-сырымен бөлісті.

СНХ: ӘСЕЛ АЗҒАМОВА, «BURABUY 2007 АГРОФИРМАСЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС АГРОНОМЫ: Біріншіден, бұл біз егетін дәнді-дақылдарды өсіру технологиясына ерекше мән берілуі керек. Сондай-ақ, еңбекті ұйымдастыру, көктемгі егіс науқанын уақытылы өткізу, дән сіңіру нормаларын сақтауды қадағалау да менің міндетіме жатады. Одан соң егістік алқапты зиянкестер мен арамшөптерден қорғау және күресумен айналысамыз.

РКС: Өмірде ең бастысы - қозғалыс,-дейді Әсел. Әйел заты үшін ерекше саналатын қызметтегі жұмыстың ауырлығына қарамастан, ол одан ләззат алады. Өйткені, агроном өңірдегі егістік алқаптың жүрегі һәм көзі.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ