ДИКТОР: Астрахан ауданы-аграрлы аймақ. Шаруаларымен мақтана алады. Ауыл шаруашылығы саласының мамандарын дайындайтын агротехникалық колледж де осы өңірде орналасқан. Облыс әкімі Марат Ахметжанов жас кадрларды оқытатын оқу орнын аралап, өзге де нысандарға барды.

РКС: Астраханка ауылындағы агротехникалық колледжге келер жылы 65 жыл толады. Осы уақыт аралығында мекеме қабырғасынан 20 мыңнан астам білікті маман шықты. Қазір мұнда екі тілде 6 мамандық және 8 біліктілік бойынша оқытылады. Болашақ аграршылар колледж егістік алқаптарда жаңа техникаларды қолдана отырып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ПУТИНЦЕВА, АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ДИРЕКТОРЫ: 2019 жылдан бастап біз жаңа, әсіресе жұмысшы мамандықтарын игеру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бухгалтер, электромонтёр мамандықтары енгізілді. Жаңа компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған құрылғылар сатып алынды. Біз ауқымды кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізудеміз. Астрахан, Егіндікөл, Бұланды, Жақсы және Жарқайың аудандарында жұмыс басталып кетті.

РКС: Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы жас мамандармен тілдесті.

ИНТЕРШУМ: студенттермен әңгіме

РКС: Әлеуметтік салада сумен жабдықтауға үлкен көңіл бөлінуде. Аудан басшылығының айтуынша, тағы 9 ауыл блок-модульдерге мұқтаж. Қазірде ол жерге су тегін жеткізіледі. Ұңғымаларды бұрғылау жүргізілуде. Орталықта су құбыры желілерін жөндеу жұмыстары белсенді. Жұмыстардың 80 проценті орындалды.

СНХ: РУСЛАН МҰҚАНОВ, АСТРАХАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізге жасалатын 10 шақырымның 8 шақырымы жасалды. Енді техникалық қадағалаумен аз ғана мәселеларді шешу қалды. Осы 8 шақырымнан басқа, тағы 2 шақырымды қосымша өткізуді сұраймыз. Себебі, сусыз қалып қоятын тұрғындар да бар. Олар сметалық құжатта жоқ. Сондықтан біз құжаттарға өзгерістер енгізуді сұраймыз.

РКС: Ескі Колутон ауылында күрделі жөндеуді қажет ететін мектеп орналасқан. Ғимарат 60 жыл бұрын бой көтерген, сол уақыттан бері бірде-бір қалақты көрмеген ғимараттың күйі жақсылықты қалайды. Болашақта Ескі және Жаңа Колутонның білім ордалары мен ауыл станцияларында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

СНХ: ПОЛИНА БАРАХОЕВА, АСТРАХАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Колутон станциясында өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сметалық құны 330 млн теңгені құрады. Жаңа Колутонның мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ, бірақ жобалық сметалық құжаттаманы дәл осы ғимарат өткен болатын, себебі оның жағдайы тым мүшкіл болатын.

ИНТЕРШУМ: облыс әкімі мектепте

РКС: Оқу орнын аралаған кезінде Марат Ахметжанов Ескі Колутондағы жөндеу жұмыстарын үйлестіруді тапсырды. Облыс әкімінің айтуынша, бақылау тек мерзімге ғана емес, жұмыс сапасына қатысты да қолданылуы тиіс.

ШӘМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ