ДИКТОР: Қарашалғын ауылдық округының аумағындағы іргелі серіктестіктермен шағын шаруа қожалықтарында жүзге жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Күнкөрістің кілтін тауып мал, құс өсіріп бақуатты өмір сүріп жатқан адамдар қаншама.
РКС: Ерте тұрған адамның ырысының артық екені аян. Жантеке ауылында осындай еңбек сүйгіш жандар саны артып келеді. Соның айғағындай күнде таң ертең өріске 1640 ірі қара, 912 жылқы, 5544 қой-ешкі шығады. Ұзақ жылдар бойы кеңшарда жүргізуші болып жұмыс істеген Қызырбек Әбілдин мүгедектігіне қарамастан, тынымсыз еңбектің арқасында жақсы өмір сүріп, жағдайын жақсарта түсуде.
СНХ: ҚЫЗЫРБЕК ӘБІЛДИН, ЖАНТЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Кеншарда 40 жылға жуық еңбек еттім, өзімнің жүргізушілік мамандығымды жақсы көргендіктен, еріну деген болмады. Кеншар тарағаннан кейін өзімнің жеке-меншік малымның санын арттырдым. Оны өз төл есебімнен өсіріп, артылғаның сатамын. Жем шөп дайындауға балаларым және жергілікті серіктестік көмектеседі. Жыл сайын табысым артып келеді.
РКС: Ауыл әкімі Қызырбек Әбілдин сияқты ерен еңбек иелерінің жастарға үлгі өнеге екендігін айтты. Округте қазіргі таңда қадау-қадау жұмыстар атқарылуда.
СНХ: ӘДІЛХАН ТӘЖМАҒАНБЕТОВ, ҚАРАШАЛҒЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Ауылдың бүгінгі ахуалы жақсы. Әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр. Әр тұрғын бірнеше бас мал, құс ұстайды. Қыраулы қысқа жем-шөп қорын дайындап алды.
РКС: Тынымсыз еңбектің наны тәтті дейді, шалғайдағы Қарашалғын ауылдық округының тұрғындары.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ