ДИКТОР: Облыста көптеген спорт түрі дамып келеді, арасында көркем гимнастика да бар. Гимнасшылар түрлі деңгейдегі жарыстарда өнер көрсетеді. Осы жолы 31 жас спортшы Алматыда өткен "Шахеразада Gym" ашық турниріне қатысты.
РКС: Дүбірлі додаға еліміздің 14 өңірінен 500-ден астам қыз бақ сынады. Сондай-ақ, Қырғыстан астанасы Бішкек қаласынан келген қонақтар да қатысты. 1 алтын, 1 күміс пен 29 қола медаль иегері атанған Ақмола спортшыларын ата-аналары қарсы алып, балаларына мерекелік атмосфера сыйлады.
ИНТЕРШУМ
РКС: Жас спортшылар «Олимп» көркем гимнастика мектебінде жаттығады. Қазіргі уақытта мектепте 150-ден астам қыз бала бұл спорт түрін меңгеруде. Мария Еслямова 8 жыл бойы жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Балалардың ата-аналары да әрдайым қолдау көрсетеді.
СНХ: МАРИЯ ЕСЛЯМОВА, "ОЛИМП" КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Балалармен жұмыс істеу өте қиын. Әсіресе, жасөспірім қыздарға бағыт беру, оларды ынталандыру оңай емес. Себебі, бұл жаста басқа қызығушылықтары пайда болады. Сондықтан оларға өз-өзін жетілдіру үшін күнде жаттығу керектігін еске салып отырамыз.
СНХ: ЕВГЕНИЯ ХРИПКО, АТА-АНА: Ата-ана ретінде өте қуаныштымыз. Жаттықтырушымызға үлкен алғыс айтамыз. Олардың еңбегі зор. Себебі, көркем гимнастика – бұл эстетика, рақым, қыздарымызға жақсы сапаны сіңіреді. Би спорты федерациясына да алғыс айтамыз.
РКС: Жүлделі орынға ие болғандардың бірі – Назым Амангелді. Оның көркем гимнастикамен айналысып жүргеніне 4 жыл болды.
СНХ: НАЗЫМ АМАНГЕЛДІ, СПОРТШЫ: Жарыста 3-ші орын алдым. Қатты қобалжыдым. Кейін жақындарымның қолдауының арқасында өзіме деген сенімділік пайда болды. Турнир ұнады, қарсыластарым да осал емес. Жаттықтырушыма алғыс айтамын.
РКС: Алдағы уақытта жас гимнасшылар Степногорск қаласында өтетін өңірлік чемпионатында бақтарын сынамақ. Дода нәтижесі бойынша спортшылар облыс құрамасына іріктеледі.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ