ДИКТОР: 30 қазан мен 7 қараша аралығы күзгі демалыс уақыты. Жыл бойы жұмыс істейтін «Жас дәурен» сауықтыру лагерінде Ақмола облысының төрт ауданынан келген оқушылар демалуда. Жас дәурен лагерінде балаларға арналған бағдарлама мен ойындар әзірленді. Оның мақсаты денсаулықты нығайту, толық физикалық және психикалық дамуына ықпал ету, сондай-ақ балаларды мәдениетке және ұлттық құндылықтарға баулу.
РЗК: Балалардың демалысын ұйымдастыру әрқашан маңызды мәселелердің бірі. Ақмола облысының білім басқармасы мектеп оқушыларының күзгі демалысын және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында күзгі демалыс кезеңіне арналған іс-шаралар жоспарын жасауда «Бірыңғай тәрбие беру бағдарламасын» негізге алады.
СНХ: АРМАН ӨМІРЗАҚОВ, САНДЫҚТАУ АУЫЛЫНДАҒЫ «ЖАС ДӘУРЕН» БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл алғаш рет Білім министрлігінің тапсырмасымен Ақмола облысының білім басқармасының күзгі демалысты қамтамасыз ету туралы бұйрығын шығарды. Бірқатар ұсыныстар бар, осы ұсыныстар негізінде білім бөлімі тарапынан бізге нақты тапсырмалар берілді. Біз Ақмола облысында жыл бойы жұмыс істейтін балалар сауықтыру лагерінің базасында алғаш рет балаларды қабылдап жатырмыз. Мұндағы балалар ортақ тіл тапты, біз оларды біріктіреміз, содан кейін олар таныстығын жалғастырады. Біз олардың бойында тұлға қалыптастырамыз. Қалай отансүйгіш, қалай көшбасшы болу керек, соны үйретеміз. Сондай-ақ осы бағытта бізбен бірге «Думан» педагогикалық ұжымы да ат салысуда .
РЗК: «Жас Дәурен» сауықтыру лагеріне күзгі демалысқа баруға мүмкіндік алған балалардың санаттары әр түрлі. Бір шаңырақтың астына жетімдер, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасылардың оқушылары мен түрлі аудандық, облыстық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары жиналды.
СНХ: САБИНА ОМАРОВА, ДЕМАЛУШЫ: Лагер өте қызықты. Біз бұл жерде би, спорттық ойындармен және қолөнермен айналысамыз. Мен өзім қазақша күреске барамын. Барлық тәрбиешілерге рахмет айтқым келеді. Бізге бұл жер қатты ұнайды, демалысымыз керемет өтіп жатыр.
СНХ: МИРАС БОЛАТХАН , ДЕМАЛУШЫ: Мен мұнда келіп, көптеген дос таптым. Біз түрлі ойындар ойнаймыз. Жетекшілер өте жақсы. Түрлі квесттер өткізіледі.
ИНТЕРШУМ
РЗК: Балаларға 5 рет тамақ беріледі, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. "Шебер қолдар", "жас суретшілер", "вокалдық және актерлік шеберліктер" үйірмелері жүргізілуде. Сабақтар балалардың психологиялық жағдайына қолайлы әсер етеді, олардың ашылуына және өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
СНХ: РАСУЛ ОРАЗБАЕВ, «ДУМАН» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАСАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қазір біз «Жас Дәурен» лагеріндеміз. Балалардың демалыс уақытын тиімді әрі қызықты болып өтуі үшін, біз қолдан келгеннің барлығын жасаймыз. Баланың жан-жақты дамуы үшін телефонның болуы міндетті емес. Сондай-ақ, біз олар үшін күн сайын кешкі іс-шаралар мен би кештерін ұйымдастырамыз.
ИНТЕРШУМ
РЗК: Балалар ойындар, сабақтар мен тренингтертер арқасында әрдайым даму үстінде. Жаңа достар тауып, өздерін жаңа қырынан көрсетуде. Сонымен қатар лагерь қызметкерлері, жетекшілері мен ұстаздары балалар үшін бар жақсыны жасауда.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ