ДИКТОР: Тұрмыстық зорлық-зомбылық кез келген қоғамның ауыр дерті. Жәбірленушілер, көп ретте, күш көрсетушінге материалдық не басқа жағынан тәуелді болады. Қынжылтатыны, көп жағдайда жәбір көрсетушілер жауапқа тартылмайды. Сондықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мемлекеттің де, қоғамның да үлкен міндеті. Және, бұл ретте, елімізде тұрақты жұмыстар жүргізіліп тұрады.

РКС: Нақтырақ айтсақ, құқық қорғау органдарының өкілдері күн сайын қоғамдағы және жекелеген отбасылардағы тыныштықты қадағалап отырады. Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында, заңға тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін толықтырулар енгізілді. Яғни, өтініш берушіден келіп түскен шағымды тіркеу және анықтау сипатына көшіру. Өйткені, көп ретте, жәбірленушілер агрессордан қорыққандықтан немесе өзін аянышты қылып көрсеткісі келмегендіктен бар жағдайды ашық айтудан ұялады. Бұдан былай, жәбірленушінің шағымынсыз-ақ қылмыстық іс қозғауға болады. Хаттама толтыру үшін куәгерлер немесе бейнежазба болса жеткілікті.

СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

РКС: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою – еліміздің отбасылық-демографиялық саясатындағы өзекті мәселе. Зорлық әлеуметтік тәртіпке нұқсан келтіреді, қоғамды тұрақсыздандырады. Ал, отбасылық келіспеушіліктер көбінесе материалдық жағдайдың төмендігінен, отбасылық құндылықтардың құнсыздануынан, жанұя институтының жоқтығынан болады.

СНХ: ДИНАРА ТӘЖЕНОВА, АДАМ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША УӘКІЛДІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨКІЛІ: Жыл сайын полицейлерге отбасылық жан-жалдарға байланысты 100 мыңнан астам шақыру келіп түседі. Полиция қызметкерлері, өз кезегінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарламаларға ден қою шараларын қабылдайды. Бүгінде заңнамада тұрмыстық бағыттағыы кез келген құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылған. Әдетте, жәбірленушілер агрессорларға тәуелді. Салдарынан зорлық-зомбылық фактілері жасырын қалады. Біз ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Жергілікті деңгейде бұл мәселелер қолға алынған. Құқық қорғау органдарынан қолдау көрсетілуде.

РКС: Тұрмыстық зорлық көрушілер жұрттың сөзінен, басынан өткен жағдайдың қоғам талқысына түсетіндігінен қорқады. Әсіресе, егде жастағылар мен әйелдер үндемеген үйдей бәледен құтылады дегеннің кебін киеді екен. Бірақ, бар бәленің қайдан шығып жатқанын ескермейді. Яғни, зорлық-зомбылықты әшкере етіп, жоюдың орнына жылы жауып қоя салған жөн деп санайды. Өйткені, жәбір көрсетушілер негізінен жақын туыстары болып жатады. Тұрмыстық зорлыққа жиі тап болатындардың арасында балалар да бар.

СНХ: ӘСЕМ АСАИНОВА, БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША УӘКІЛДІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨКІЛІ: Мен күн балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері тап боламын. Нәзікжандылар бізге жүгінеді, оларға көмек көрсетеміз. Бұл жұмыс ұзақ уақытты талап етеді. Адам шынымен де тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын дәлелдейміз, қолдау көрсетеміз. Бұл проблемамен көбісі бөлісе алмайды. Қорқады. Салдарынан балалар зардап шегеді. Олардың психикасына зақым келеді. Сондықтан үнсіз қалмай, бірден арнайы органдарға жүгіну керек. Сонда ғана мәселе шешімін табады.

РКС: Облыс бойынша жалпы білім беретін мектептерте 520 педагог-психолог және 300ден аса әлеуметтік қызметкер бар. Олардың міндеті кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы жасалатын зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу. Жәбірленушілерге қолдау көрсететін дағдарыс орталықтары да жұмыс істейді. Ол жерлерде әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, қазақстан бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін жаңа сенім телефоны іске қосылған. Тұрмыстық зорлыққа не буллингке тап болғандар 111 нөміріне хабарласып көмек сұрай алады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ