ДИКТОР: Дамыған азаматтық қоғам кез-келген дамыған мемлекеттің негізі болып саналады. Ал, үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам, мемлекеттік орган және билік құрылымдары арасындағы алтын көпір. Яғни, азаматтық қоғамды қалыптастыруда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі маңызды.
РКС: Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамның дамуына әсер етіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау білдіру, спорт, жастар саясаты, құқықтық қолдау көрсету сияқты ең маңызды деп танылған бағыттарда жұмыс істейді. Олардың рөлі 11-ші Азаматтық форумда да кеңінен талқыланған. Аталмыш форум барысында әр облыс өздерінде дамымай тұрған немесе қолдауды қажет ететін бағыттардың жұмысын күшейту туралы ұсыныстарын ортаға салды. Одан қалды, әр өңірде өткен облыстық жиындарда талқыланған мәселелер бір жүйеге келтіріліп, іріктелген тақырыптар 11-форумға негіз болған. Ендігі мақсат ауқымды жиында көтерілген мәселердің шешімін табу. Бұл ретте, үкіметтік емес ұйымдардың рөлі маңызды.
СНХ: ИРИНА ТЕРЕНТЬЕВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Форумнан кейінгі біздің жұмысымыз облыстық және республикалық жиындардағы ұсыныстарды орындау. Бірінші кезекті біз құқықтық мәдениет сұрақтарына тоқталамыз. Азаматтарға әр тұрғынның облыстық заңды құрылымдардан қолдау таба алатынын жеткізу маңызды. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі жандардың, көп балалалы отбасылардың, жалпы қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдардың құқығы жайлы айтып отырмыз.
РКС: Форумда көтерілген өзекті сұрақтардың бірі экология, жасыл экономика турасында болған. Біздің өңірде де осы сұрақтарға көбірек назар аударып, қаланы абататтандыруға әлі де көп көңіл бөлу қажет. Бұл ретте, тағы да, үкіметтік емес ұйымдарға зор жауапкершілік артылған.
СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, «KAZAKHSTAN INNOVATION» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Ең маңызды сұрақтардың бірі су ресурстары, яғни, су ресурстарын дұрыс басқару. Бұл мәселеге тазарту құрылғылары, қалдықтарды өңдеу оларды басқару тағы да басқа көптеген маңызды сұрақтар жатады. Бұл проблемалар республика деңгейінде талқыланғаны өте дұрыс, өйткені, аталмыш мәселелер әр облыста бар. Меніңше, әр облыста қалдықтарды басқару бағдарламасын қолға алу керек. Әрине, бұл өте ауқымды мәселе. Сондықтан, жергілікті ғалымдарды, инвесторларды тартып, «Даму» қоры, қазақ инвест ұлттық компаниясы арқылы жұмыс істеу қажет болады.
РКС: Иә, ақмолалықтар қоғамдағы мәселелерді шешуге білек сыбана кіріскен. Бірақ, облыс аумағында тіркелген 500ден аса үкіметтік емес ұйымдардың 100-ден астамы ғана белсенді. Оның себебі де әртүрлі. Сондықтан, азаматтық қоғамның дамуына тікелей әсер ететін үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс сапасын нығайту қажет.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘЛІМОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ