ДИКТОР: Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – қоғамдағы парақорлықты жою жолындағы маңызды кезең. Бұл бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірқатар іс-шара өткізуде. Тамыз айында "сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы іске қосылды. Бұл бағдарлама тұрғындарды ерікті ретінде жемқорлыққа қарсы күресуге тарту. Жоба келер жылдың желтоқсанына дейін жалғасады.
РКС: Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуын асыра бағалауға болмайды,-дейді мамандар. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы барысында 4 бағыт әзірленді. Бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізделген. Қазіргі таңда кандидаттарды қабылдау және еріктілерді тіркеу жалғасуда.
СНХ: ДИНАРА НҰРТАЗ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бүгінгі таңда өңірден сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына 70-тен астам азамат қосылды. Жобаға қатысуға, облыстың барлық елдімекендерінен белсенділері ниет білдірді. Жобаның әлеуетті еріктілері белсенді азаматтар, қоғамдық ұйымдар, студенттер, зерттеу орталықтары, заң саласының өкілдері, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдары бола алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті болу үшін азаматтар Департаментке хабарласып, сауалнама-өтінімдерді толтырып, бізге ұсынуы қажет.
РКС: Сыбайлас жемқорлық ел қауіпсіздігіне жүйелі қатер төндіріп, әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсер етеді. Бюджеттік шығындар, әлеуметтік маңызы бар мекемелер, жолдар, инфрақұрылым және тағы басқалары қоғамдық бақылау саласының назарында.
СНХ: САМИРА ТӘЙТЕНОВА, "СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК" ЖОБАСЫНЫҢ ВОЛОНТЕРІ: Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі, маңызды тақырып. Осыған байланысты өңір тұрғындары тарапынан көп шағым түседі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасы аясында біз Сандықтау ауданы Белгород ауылына бардық. Бұл жерде су құбыры мен ұңғымаларды қайта құру жобасы жүзеге асуда. Жоба осыдан 2 жыл бұрын басталды. 194 миллион теңгелік жоба. Сапар қорытындысы бойынша тұрғындар бірнеше фактіні ескерді. Бүгінде уәкілетті орган мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасы тексерулерді тіркеді, оның нәтижелері арқылы барлық кемшілік жойылады.
РКС: Сондай–ақ, волонтерлік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің көптеген жобаларының бірі ғана. Жастарды тарту мақсатында спорттық іс-шаралар және футбол матчтары өткізіледі. Естеріңізге сала кетсек, сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемаларды хабарлауды жеңілдету үшін агенттіктің 1424 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ