ДИКТОР: Қансонарда бүркітші шығады аңға. Бүркіт баптау атадан қалған дәстүр. Құсбегілік өнерді жанына серік еткендердің арасында түрлі деңгейдегі сайыс ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Ақмола өңірінде елімізге белгілі бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған «Қансонар-2023» халықаралық турнирі өтті. Бұл жылғы сайысқа Моңғолия, Қырғызстан, Қытай, Түркия мемлекеттерінен, сонымен бірге еліміз бойынша 10 аймақтан 60-тан астам құсбегi қатысып, бақтарын сынады.

РКС: Бұл сайыс осымен 23-ші рет өткізіліп отыр. Құсбегілер үш іріктеу кезеңі бойынша сайысты. Сөз арасында айта кетейік, дәстүрлі турнир соңғы 5 жылда халықаралық дәрежеде ұйымдастырылуда. Қазақстандық құсбегілерден бөлек, алыс-жақын мемлекеттерден де қатысушылар келіп, жарыстың дәрежесін көтеріп жатыр.

СНХ: ЫРЫС НҰРҒАЙЫП, ҚАНСОНАРҒА ҚАТЫСУШЫ (МОҢҒОЛИЯ: Көкшетауға Моңғалиядан бүркіттер сайысына қатысуға келген жайымыз бар. Мен өзім 13 жасымнан бастап бүркіт бақтым. Қазір 48 жыл болды осы салада жүргеніме.

СНХ: ШЫНАРБЕК БАТЫРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚАНСОНАР» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Жиырма жыл бұрын осы шараға тек қана 20-25 қатысушы қатысатын. Қазақстанда бүркітшілік дами берсін.Әрқашан туымыз биіктен көріне берсін!

РКС: 2 күнге созылған тартысты додада бүркітшілер өзара мықтыны анықтады. Сайыстың екінші күні «Қансонардың» жас қатысушылары қаршыға мен ителгілерін жарыс жолына қосты. Құсбегілік тек ер азаматқа тән деген стереотипті бұзғандардың қатарына Аяжан Даниярқызын жатқызуға болады.

СНХ: АЯЖАН ДАНИЯРҚЫЗЫ, ҚҰСБЕГІ (АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ): Біздің осы саятшылыққа келгенімізге 1,5 астам уақыт болды. Жалпы осы уақыт ішінде 2 жарысқа қатыстық. Біздің ұстазымыз қызығушылықтарымызды көріп осылай дайындап жатыр.

РКС: «Қаршығамен аң аулау» сайысында Алматы облысының өкілі Алмас Сейітжан үздік деп танылды. Жамбыл облысынан келген құсбегі екінші, ал атыраулық бүркітші Арман Құшқаров үздік үштіктің қатарынан көрінді. «Ителгі құс» номинациясында Қарағанды облысынан келген құсбегі Темірәлі Төлегенұлына тең келер жан болмады. Таңат Оспанқұлов екінші орын иегері атанса, жүлделі үшінші орын Ерлан Кенжетаевқа бұйырды. Жеңімпаздардарға 500 және 300 мың теңгелік ақшалай сертификат табысталды.

 АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ПОВЕЛЬ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ