ДИКТОР: 9 айдың көрсеткіші бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында біршама өсім байқалады. Бірақ, кемшін тұстар да жоқ емес. Мәселен, Ақмола облысы даму қарқыны бойынша республикада алдыңғы саптан көрінгенімен, орташа жалақы жөнінен он бесінші орынға түсіп кеткен. Яғни, облысқа құйылған инвестиция қараша халықтың әл-ауқатынан байқалмайды. Бұл жағдай өңір басшысы Марат Ахметжановтың төрағалық етуімен өткен облыстық әкімдіктің отырысында талқыланды.
РКС: 9 айда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында біршама өсім байқалады. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінде металлургия бағыты дамып келеді. Өңделмеген алтын өндірісінің көлемі 28,2 процентке артқан. Астық жинайтын комбайндарды құрастыру 1,7 есеге өсіпті. Сұйық май өндірісінің көлемі 1,6 есеге артып, ет 17,4 процентке, сүт 10,1 процентке өскен.
СНХ: АЛМАГҮЛ ШҰҒЫРМАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Машина жасау саласында өсім 112,7 процентті құраған. Бұл астық жинайтын комбайндарды шығарудың 1,7 есеге көбейгеніне байланысты болып отыр. Бірақ, ауыр жүк көлігі машиналарының өндіріс көлемі 22,2 процентке төмендеп кеткен. Оған ол көліктерге сұраныстың азаюы себеп болды.
РКС: Бірнеше ауданда түрлі салалар бойынша жұмыс ақсап тұр. Әсіресе, Біржан сал, Жарқайың, Сандықтау, Егіндікөл аудандары мен Степногорск қаласы әкімдерінің жұмысы Марат Ахметжановтың сынына ұшырады. Айталық, Сандықтау ауданының аграрийлері биыл гектарынан 10,5 центнер өнім алған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 19,2 центнерден айналған еді. Ауданда өнеркәсіп саласының да жағдайы мәз емес. Егіндікөл ауданының құрылыс саласында мәселе жетерлік, ал Степногорск қаласында өнеркәсіп қарқыны баяу. Аудан әкімдерінің басым бөлігі жергілікті кәсіпкерлердің жұмыстарының тоқтап қалуы себеп болды,- деп ақталды. Алайда, Марат Ахметжанов бар жауапкершілікті бизнес өкілдеріне артпай, облыстың дамуына өздеріңіз де ат салысыңыздар деп, сапалы жұмыс істеу қажеттігін қатаң ескертті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біреудің жұмысын өздеріңіздің жұмыс сияқты қылып көрсетесіздер. Егер ол жұмыс істемесе, сіздердің бүкіл көрсеткіштеріңіз құлайды. Никакой от вас эффективности нету от вашей деятельности чтобы производители могли влиять на экономику вашего региона. Ол күнделікті қадағалау болмаған соң, бақылау болмаған соң, дұрыс жоспарлау болмағандықтан, осы міне, бүгінгі, екі ай қалған кезде бәрін бітірем есеп тапсырамын деп, болмайды мұндай жағдай.
РКС: Мемлекеттен бөлінген қаржыны дұрыс игеру көптеген аудан мен басқармаларға қиын соғатын сыңайлы. Өйткені, аудандарда, 2 миллиард теңге игерілмеген. Білім және денсаулық сақтау басқармалары көш бастап тұр. Білім басқармасы 11,5 миллиард теңгені, денсаулық сақтау басқармасы 9 миллиард теңгені игермеген. Жауапты тұлғалардың әрқайсысын орнынан тұрғызып, есеп алған облыс әкімі міндеттеріне немқұрайлы қарайтындармен әрі қарай жұмыс істемейміз,-деп ескертті. Сондай-ақ, қаражатты жыл соңына дейін қалай да игеру керек екен деп сапасыз жұмыс істеуге болмайтынын қадап айтты.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз бүгін өкінішке орай құрылыстың сапасын, оның халық қалай игілігін көріп отыр оны қарап жатқан жоқпыз. Біздің ойымыз тек қана осыны игеру болып тұр. Игеру, тізімге түсіп қалмау, қара тізімге. Ақшамызды қайтарып алып кетпесін, сол ғана.
РКС: Облыс көптеген саланың даму қарқыны жағынан республика бойынша 2-3 орындарға тұрақтаған, алайда, орташа жалақы көлемі бойынша 15-ші орында. Демек, сандар шындыққа жанаспайды, -дейді Марат Ахметжанов. Сондықтан, керемет көрсеткіштермен мақтанып, 5 минуттық есеп беріп құтылып кетудің амалын қарастырмай, сапалы жұмыс істеуге барларыңызды салыңыздар,-деді отырысты қорытындылаған өңір басшысы.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ