ДИКТОР: 5510 әскери бөлімінде қорытынды тексеру өтті. Әскери қызметшілер мемлекеттік-құқықтық даярлық, мемлекеттік тіл, саптық және атыстан теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Дене даярлығы да басты талаптың бірі. Сондай-ақ қару-жарақ және радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдарының тактикасы пәндері бойынша да сынақтардан өтті.
ИНТЕРШУМ: оркестрмен саптық жүріп өту
РКС: Саптық дайындық әскери тәртіпті сақтауға және нығайтуға, сондай-ақ сарбаздардың жалпы дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. Саптық оқыту кезінде дұрыс бағыт-бағдар берілмесе, нақты ұрыс бола қалған жағдайда қызметшілердің жедел әрекет етуін талап ету мүмкін емес.
СНХ: АЙДАРБЕК ЖҮСІПБЕКОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Жазғы уақытта оқыған білімдерін іс жүзінде қалай меңгергендерін көрсетіп жатыр. Ал жеке құрамның жинаған білімін жыл соңында тексеріп, бағалаймыз.
РКС: Ұлттық Ұланның әскери бөлімдерінде қызметшілер жылына екі рет қорытынды тексерістен өтеді. Оның нәтижесі бойынша біліктіліктерін растайды. Тексерістің өз ұраны бар. «Ұлттық ұлан-біртұтас жауынгерлік отбасы. Ел мен халық бізбен бірге!"
СНХ: БАҚДӘУЛЕТ ОРЫНБАСАР, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ РОТА КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлық әскери оқу кезінде алған білімін тәжірибе жүзінде көрсетіп жатыр. Бір жағынан сайыс деп те айтуға болатын шығар. Өйткені, осы арқылы үздіктер таңдалады. Мұндай сайыстар тұтастай алғанда қызмет барысында жақсы жағынан ықпал ететіні сөзсіз.
РКС: Саптық дайындық ең алдымен төзімділікті, тәртіп пен қырағылықты дамытады. Бұл қасиеттер Отан қорғаушылар үшін аса маңызды.
СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ