ДИКТОР: Әлемде 2 миллиардтан астам адам артық салмақтан зардап шегеді. Еліміз бойынша халықтың 20 проценті семіздікке шалдыққан. Бүгінде медициналық технологиялардың мейлінше дамыған кезеңінде артық салмақпен күрестің түр-түрі ұсынылған. Соның бірі бариатриялық операция. Облыстық көпбейінді ауруханасында бұл тәсіл арқылы ота тегін жасалуда.
РКС: Бариатриялық операция-бұл жедел медециналық араласу арқылы семіздікті емдеу және заманауи медицинаның қауіпсіз әрі тиімді әдісі. Жыл басынан бері, облыстық ауруханада еліміздің әр түкпірінен келген 40-тан астам емделушіге операция жасалды.
СНХ: ЖАННА НҰРМАҒАНБЕТОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ең бірінші себеп ол қант диабетінен арылу. Және 3-ші дәрежелі семіздік. Сол себепті, мен тамыз айының 9-ы күні көп ойланбастан, бірден осы жерге келдім. Барлық қызметкерлер мейірімді жандар. Асқар Жүлкенұлы операция жайында бәрін жан-жақты түсіндірді. 18-ші қазанда ауруханаға жаттым. Келесі күні операция жасады.
СНХ: АСҚАР РӘШИТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Операция кезінде асқазанның бір бөлігі қысқартылады. 150-200 миллилитрдей сыятын орын қалдырылады. Содан кейін 2 метр ішек кесіп алынады. Нәтижесінде қант диабетімен ауыратын пациенттердің қант нормасы қалыпқа келеді. Артық салмақтан арыла бастайды. 1-ші айда емделуші 20 кг-ға дейін салмақ жоғалтса, 3 ай-да 50 кг-ға дейін салмақ тастайды.
РКС: Бариатикалық хирургия семіздікке шалдыққан науқастар үшін салмақ жоғалтудың ең маңызды және тұрақты шешімін ұсынады. Дегенмен, пациенттер диеталық жаттығулар, дәрі -дәрмектермен емдеу сияқты салмақ жоғалтудың басқа нұсқаларын қолданғаннан кейін ғана бариатикалық хирургияны қарастыруы керек,-дейді мамандар.
СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Негізі осы операциялар эндовидио әдісімен жасалады.Оның қандай айырмашылығы бар? Ол бірінші дәстүрлі хирургия, ауру синдромы онша қатты болмайды. Науқас сол операция жасалған күні аяғына тұрады. Су ішеді. Жаралары тез жазылады.
РКС: Айта кетейік, облыстық ауруханалда жыл сайын, орташа есеппен 28 мың науқас ем-дом алады. Жасалған операция саны 12 мыңнан астам. Операцияның бұл түрі аптасына шамамен 2 рет жасалады. Жыл соңына дейін операция жасауға кезекке тұрғандардың саны да көп.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ