ДИКТОР: Елімізде шикізат көзін өндіретін кәсіпорындар қарқынды дамып келеді. Соның бірі Бұланды ауданында орналасқан «Макинск құс фабрикасы». Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен ауданға барып, өнеркәсіп кәсіпорындарының тыныс-тіршілігімен танысты.

РКС: Кәсіпорын 2018 жылы ашылды. Жоба құны 33 миллиард теңгеден астам. 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жылына 100 мың тонна құс етін өндіреді. Өндірілген өнім еліміз бойынша ғана емес, сондай-ақ, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне де экспортталады.

СНХ: ФАТИМА ГЕРФАНОВА, ӨҢІРЛІК ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Айта кету керек, біз тұрақты даму мақсатында үнемі жұмыс істейміз. Мақсатымыз – билік, қоғам және бизнес арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнату. Бұланды ауданының әкімдігімен, жергілікті кәсіпкерлермен, белсенділермен бірлесе отырып, осы стратегияны қолға алып жатырмыз.

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов Макинск қаласындағы «Макинск жылу изоляция зауыты» серіктестігіннің жұмыс барысымен танысты. Зауыт нарықта сұранысқа ие жылу оқшаулағыш материал, құрылыста қолданылатын шыны мақта өндіреді. Минералды мақта Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия елдеріне экспортталады. Кәсіпорын 2019 жылы іске қосылған. Жоба құны 8 млрд теңге. Зауыт итальяндық технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Макинск сияқты шағын қала үшін жылу оқшаулағыш зауытын салу өте маңызды оқиға болды. Өндіріс іске қосылған соң 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

СНХ: ЖАСЛАН МҰХАМЕТЖАН, «МАКИНСК ЖЫЛУ ИЗОЛЯЦИЯ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Жыл сайын жобалық қуаттылықты серпінді ұлғайтып келеміз. Бүгінде өнім көршілес елдерге экспортталады, экспорттың үлесі шамамен 70-80 процентке жетті. Қазақстанда біз барлық ірі құрылыс компанияларымен иық тіресе жұмыс істейміз.

РКС: Одан соң, облыс әкімі Бұланды аудандық ауруханасының жұмысымен танысты. 5 қабатты денсаулық сақтау мекемесі 1980 жылы қолданысқа берілді. Ауруханаға жүргізілген жөндеу жұмысы соңына дейін аяқталмаған. Сонымен қатар, дәрігер тапшылығы да бар.

СНХ: НҰРЛАН АХИЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Аурухана күрделі жөндеуді қажет етеді. Өйткені, ғимарат ескі.

РКС: Жалпы, Бұланды ауданында жылумен қамту мәселесіне көп көңіл бөлініп, белсенді жұмыс жүргізілуде. Макинск қаласындағы жылу қазандығының құрылысы 2012 жылы басталып, кейін жобалау құжатындағы қателік салдарынан 2015 жылы құрылыс тоқтап қалды. Нысанды іске қосуға республика бюджетінен 502 млн. теңге бөлінді. Бұған дейін, аудан орталығы кеңес кезеңінде салынған ескі мазут қазандығы арқылы жылытылған.

СНХ: АЗАМАТ АЛДАБЕРГЕНОВ, «МАКИНСК ЖЫЛУ» КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта біз екі қазандықтармен жұмыс істеп жатырмыз. Қысқа дайынбыз. Қазіргі таңда бізде 2300 тонна көмір бар. Көмір бізде майқұба көмірі.

РКС: Макинск қаласындағы 1200 орындық мектеп-гимназиясына 2 кезең бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Алғашқы кезең аяқталды.

СНХ: НАТАЛЬЯ ЛИГОСТАЕВА, МАКИНСК МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Мектептегі еңбек өтілім 28 жыл. Былтыр маған осындай керемет жабдықталған кабинет берілді. Интерактивті тақта бар. Сабақты тартымды етіп өткізуге көп септігін тигізуде. Оқушылар бұл тақта арқылы презентациялар көріп, өздері де еркін жұмыс істей алады.

РКС: «Арна» астық қа¬былдау кәсіпорны аудандағы фер¬¬мерлердің астығын кептіру, тазалау, сақтау және жөнелту сияқты жұмыс¬тарды ат¬қарады. Аумағы 16,8 мың гектар. Өндірістік қуаты 120 мың тонна. Сондай-ақ, облыс әкімі Марат Ахметжанов қазіргі заманғы озық технология бойынша тәулігіне 600 тонна өсімдік майын өндіретін зауыттың жұмыс барысымен танысты. Жобаның құны 6 миллиард теңге.

СНХ: АҚБОТА САҒЫНАЕВА, «БОТА-2015» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЛАБОРАНТЫ: Қазіргі уақытта зауытта біз шемішкеден май жасап жатырмыз. Кейін бұл майларды әкеліп, процентін шығарамыз. Біздің лабороторияда физиктер және химиктер бар. Біз физиктер зауытқа әкелінетін шемішкенің сортымен майлығын тексереміз. Ал химиктер жаңағы шемішкенің майының құрамын аппараттармен тексереді. Кейін оны сушылкада кептіреміз.

РКС: Аймақ басшысы жұмыс сапарының соңында Марат Ахметжанов аудан басшылығына бірқатар міндет жүктеді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ