ДИКТОР: Кикбоксингтен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ен-Ген Хегай "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды. Ол елімізге танымал талай чемпионды тәрбиелеген ардақты ұстаз, тәлімгер.

ИНТЕРШУМ: марапаттау

РКС: Ен-Ген Хегай 30-ға жуық спорт шеберін, спорт шеберлігіне үміткерді және халықаралық деңгейдегі спорт шеберлерін тәрбиеледі. Өзінің балалары да көптеген жетістікке қол жеткізді. Қызы Диана Біләлова-кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионы, бокстан үш дүркін Қазақстан чемпионы, ұлы Мерген - кәсіпқойлар арасында кикбоксингтен әлем чемпионы. Екінші ұлы балаларды жаттықтырумен айналысады және "Банзай" клубында әкесінің ісін жалғастыруда.

СНХ: ДО-БИН ХЕГАЙ, ЕН-ГЕН ХЕГАЙДЫҢ ҰЛЫ: Әкемнің ісін жалғастырудамын. Ол Ақмола облысында 20 жылдан астам жаттықтырушылық қызметте. Мен одан алған барлық тәжірибемді қазір өз шәкірттеріме үйретуге тырысамын. Әкем мені жастайымнан спортпен шұғылдануға мәжбүрледі. Бастапқыда ұнамады, ал қазір мен бұл жұмыссыз өзімді елестете алмаймын.

РКС: Қазір клубта 100-ге жуық спортшы жаттығуда. Олардың арасында спорт шеберлігіне кандидат Тимур Шәріпов те бар. Ол жекпе-жекпен айналысқанына небәрі 3 жыл. Аз уақытта айтарлықтай жетістіктерге жетті.

СНХ: ТИМУР ШӘРІПОВ, СПОРТШЫ: Алғашқы жетістігіме 2 жыл бұрын жеттім. Ерейментауда бирма боксында өнер көрсеттік, сонда 1-орынды жеңіп, белбеу иелендім. Одан кейін жан-жақты дайындалып, облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарды еншіледім. Биыл мамыр айында өткен Қазақстан чемпионатында да құралақан болған жоқпын одан да бірінші орын алдым.

РКС: Ен-Ген Хегай кикбоксингтен бөлек, бокстан, ушу-саньдадан және қол күрестен үздік қазақстандық спортшыларды тәрбиеледі.

СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ