ДИКТОР: Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар 700 мыңнан астам адам тіркелген. Оларды әлеуметтік жағынан қолдау мен өмір сүру сапасын арттыру өкілетті органдардың басты міндетіне айналған. Облыс орталығында осы салада қордаланған мәселелерді талқылауға арналған жиын өтті.

РКС: Шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен оларға қарастырылған жеңілдіктерге қатысты мәселелер талқыланды. Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қорғаншыларға маңызды әлеуметтік аспектілер жайында ақпарат берілді.

СНХ: МАХАББАТ ҚАСЫМОВА, «ИНКЛЮЗИВТІ АТА-АНАЛАР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біз ата-аналарды психологиялық тұрғыдан қорғау мақсатында жұмыс істейміз. Сонымен бірге аутизмге шалдыққан, денсаулығында басқа да ментальды өзгерістері бар балаларды да басты назарда ұстаймыз. Сондықтан осы шараны ұйымдастырып отырмыз.

РКС: Жасыратыны жоқ, ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарының кейбірі жеңілдіктердің бар екенінен де бейхабар. Тіпті емханадағы кезек туралы да білмейтін болып шықты. Бұл санаттағы азаматтарды дәрігер кезектен тыс қабылдауы тиіс.

СНХ: ДИЛЯРА ЖАНБАЕВА, МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАНЫҢ АНАСЫ: Бүгін осы шараға мүмкіндігі шектеулі баланың арасы ретінде қатысу үшін келдім. Ерекше балғындардың ата-аналары .шін бұл таптырмас алаң деп айтар едім. Өйткені, көптеген ақпаратты біле бермейді. Сондықтан үйренуіміз қажет. Түптеп келгенде баланың өмірі мен болашағына біз жауаптымыз. Кез келген адамның басты байлығы-денсаулығы. Сондықтан барымызды бағалай білуіміз қажет.

СНХ: ДИНАРА ҚАҚАБАЕВА, «BOLASHAQ SARAIY» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: «Bolashaq Saraiy» ашылғаннан күннен бастап бұл бөлім жұмыс істеп келеді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен, олардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынастамыз. Логопед, арт-терапевт, психолог, дефектолог жұмыс істейді. 5 пен 14 жас аралығындағы балалар келеді бізге. Одан соң бұл балғындар әдеттегі балалардың тобына қосылады.

РКС: Конференцияға қатысқан мамандар мен өзге де баяндамашылар ата-аналардың сауалдарына байланысты жан-жақты түсінік берді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ