ДИКТОР: 2001 жылы Степногорск қаласында «Целингормаш» кәсіпорны құрылды. Ол 1966 жылы тау-кен химия жүйесінде құрылған, бұрынғы жөндеу-механикалық зауыттың негізінде, өндірістік қызметін жүзеге асыруда. Аталмыш серіктестікте қандай өзгерістер болды және қазіргі уақыттағы жұмыс барысымен тілшіміз танысып қайтты.
РКС: Зауыттың негізгі қызметі - машина жасау. Соңғы 2 жылда оған 6 млрд теңге инвестиция салынған.
СНХ: ЮРИЙ СЕРАФИМЧИК, ЦЕЛИНГОРМАШ ЗАУЫТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2022 жылы бізде меншік иесі өзгерді. Зауытта айтарлықтай өзгерістер болды. Жаңа цехтар салынды, жаңа жабдықтар әкелінді. Әлі толық көлемде емес, жарты жыл бойы ол осында тұрады. Бізде машина жасаудың 2 бағыты бар. Біз Жылу электр орталығы үшін, «Қазақалтын» кәсіпорнының фабрикалары үшін қосалқы бөлшектер дайындаудамыз және екінші бағыт - бұл құрылысқа арналған металл конструкциялар.
РКС: Өндіріс қажетті кадрлармен, жоғары білікті инженерлермен жасақталған. Серіктестікте 120-ға жуық адам еңбек етеді. Айта кетерлігі, мұнда ерлер ғана емес, әйелдер де жұмыс істейді. Юлия Ужакина бұл зауытта армандаған жұмысын ғана емес, сондай-ақ өмірлік жарын да тапты.
ИНТЕРШУМ
СНХ: ЮЛИЯ УЖАКИНА, ТЕМІР ШЕБЕРІ: 9-сыныптан кейін техникалық училищеге түсіп, 4 разрядты темір шебері мамандығын аяқтадым. Мұнда 1998 жылы тәжірибеден өттім. Содан бері 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Тұрмыстамын, күйеуім де осында жұмыс істейді. Біз осында таныстық, қазір бірге жұмыс істейміз.
РКС: Биыл қаңтар-қыркүйек айларында кәсіпорын 73 млн теңгенің өнімін өндірді.
СНХ: АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл кәсіпорынның бірегейлігі - арнайы тапсырыс бойынша металл өнімдерін өндіреді. Жалпы біз жұмыс барысын бақылауда ұстаймыз. Себебі бұл жобаға қомақты қаражат салынады. Ал ол біздің инвестициялық салымдарды жабады. Инвестициялық ахуалдың жақсы болуы жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, біздің аймақта 2022 жылға қарағанда салықтық түсім едәуір жоғары болады.
РКС: Биыл металл бұйымдары өндірісін жаңғырту бойынша құны 2,3 млрд теңге болатын инвестициялық жоба іске асырылды. Жаңа құрылғылардың арқасында айына 500 тонна металл өңделеді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘЛІМОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ