ДИКТОР: Степногорск қаласының 8 мыңнан аса гектар жерін өндіріс алаңдары алып жатыр. Өңір «Степногорск жылыжайы», «Степногорск подшипник зауыты», «Астана-нан» химиялық тыңайтқыштар зауыты, «Қазақалтын» кәсіпорны тәрізді өндіріс алыптарымен танымал. Солардың бірі тау-кен химия комбинатының жұмыс барысымен тілшіміз танысып қайтты.
РКС: Степногорск тау-кен химия комбинатының негізгі өндірістік базасы гидрометаллургиялық зауыт болып табылады. 1959 жылы іргесі қаланып, 1968 жылы пайдалануға берілді. Комбинат табиғи уран мен мыс-молибден кенін шаю, тауарлық десорбат химиялық концентратын қайта өңдеумен айналысады.
СНХ: АНДРЕЙ ЧЕРНЫХ, СТЕПНОГОРСК ТАУ-КЕН ХИМИЯ КОМБИНАТЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Степгорск тау-кен химия комбинаты мыс-молибиден кендерін өңдеумен айналысады. Сонымен қатар, мыс-молибиден флотоконцентраты түрінде дайын өнімді алумен де айналысады. Мыстың құрамы 25% -ға дейін. Сондай-ақ алтын, күміс бағалы металдары да өндіріледі. Негізгі бағыты уран шикі затын өңдеу. Уран кен орны Қазақстанның Солтүстік бөлігіндегі орналасқан Семізбай жері. Дайын өнім табиғи уран тотығы және мыс-молибиден флотоконцентраты. Мыс флотоконцентраты бойынша 2 цех жұмыс істейді.
РКС: Ғалымжан Пердебаев бұл кәсіпорынға 2013 жылы келген. Қарапайым қызметтен бастаған азамат бүгінде тиеу-түсіру участкесінің басшысы. Бұл бөлімнің негізгі қызметі дайын өнімді арнайы бөшкелерге салу, тиелген құтыларды жүктеу. Бүгінде уран өнімі Қытай және Ресей елдеріне тасымалданады.
СНХ: ҒАЛЫМЖАН ПЕРДЕБАЕВ, ТИЕУ-ТҮСІРУ УЧАСТКЕСІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Уран өнімін шығару бойынша ең ірі зауыттардың бірі десек болады. Алға қойған мақсаттарымыз үлкен әрине. Қазірдің өзінде 32 маман жұмыс істейді. Келесі жылы жұмысшылар санын көбейтеміз деген мақсат бар.
РКС: Степногорск тау-кен химия комбинатында жылына уран өнімі 4 мың тонна, ал, мыс-молибден флотоконцентраты 1 миллион тонна өндіріледі. Дегенмен, бүгінде уранның тек 30 проценті ғана өңделеді. Келер жылы комбинат жұмысын 2 есе артыру жоспарланып отыр.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ