ДИКТОР: Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтын тапсырмасына сәйкес «Жасыл Қазакстан» ұлттык жобасы іске қосылғаны белгілі. Еліміздегі экологилық жағдайды жақсарту мен халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» экологиялық іс-шара ұйымдастырды.

РКС: «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында Көкшетаудағы Абылай хан даңғылы бойына қарағай көшеттері отырғызылды. 4 жылға арналған ұлттық жобаның негізгі мақсаты - халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын кұру және экологиялық жағдайды жақсарту. Сондай-ақ жоба арқылы ел жастарына тәрбиелік маңызы зор үлгі көрсету.

STAND-UP: АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ТІЛШІ: Қаланың таза және жайлы болуына әр тұрғын жауапты. Бүгінгі күні «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында жастар белсене ат салысуда.

ИНТРШУМ

СНХ: АЙДАР ҚОЖАБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өздеріне белгілі мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Жасыл Қазақстан ұлттық акциясы қолға алынған болатын. Одан бері елімізде қаншама іс шаралар өткізіліп отыр соның бірі міне бүгінгі күні қоғам даму орталығы ұйымдастырумен ағаш отырғызайын деп жатырмыз бұл негізі көктем айында бастау алған болатын сол кезде қарағай ағашын ектік. Бүгінгі күні сол қалған қарағайды барлығымыз жұмылып отырғызайын деп жатырмыз. Бүгінгі акция Қазақстан республикасы күніне орай болып отыр. Алдағы уақытта үлкен ұлттық мереке бар, сол мерекемен құттықтаймыз, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын дейміз. Көкше өлкесі дамып көркейе берсін. Біз Абылай хан даңғылынан бастап Сүлеймен көшесіне дейін біраз жерді қамтимыз, бұл осымен шектеліп қалмайды, алдағы уақытта келесі жылы көктемде де күздеде ары қарай жалғастырылып акцияның нақты іс шара екенің көрсеткіміз келеді.

РКС: Экологиялық жобаға белгілі өлкетанушы, қоғам белсенділері де қатысып, жастарға үлгі көрсетті.

СНХ: МҰРАТ ҚАЖЫ ЫДЫРЫСОВ, ӨЛКЕТАНУШЫ: Жасыл ел Жасыл Қазақстан жобасы ол өте қажет нәрсе. Өйткені бізге ауа райын сақтау үшін, ауаны тазалау үшін, көркемдеу үшін бізге ағаш егу керек. Онсызда Қазақстанда ағаштар аз, ормандар аз, оның ішінде қасірет болып екі жылда жүз мың гектар ормандарымыз күйіп кетті, енді оның орның қалай толтырамыз, оған бірнеше ғасыр керек. Көкшетау негізінен желекті жасыл қала, бірақ дегенмен мына көшектерді отырғызу керек. Бірінші ол ауаны тазалайды, екінші көрік береді, халыққа деңсаулығына пайда береді, төртінші жастарды тәрбиелеу жөнінде жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру үшін керек. Бізге осы жасыл елді қолдау керек, жәнеде көшектерге су құйу керек, су құйылмаса талай көшектер қурап қалады.

РКС: Қай жағынан алсақ та, ұлттық жобаның артықшылықтары мол. Бастысы ұлттық жоба ұлт саулығына әсер етеді. Аталған жоба еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізуде.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ