ДИКТОР: Көкшетаудағы жол-көлік оқиғасы жиі орын алатын жол қиылысы Тәшенов көшесі мен халық арасында "Хасенов базары" атанып кеткен "Алтын плаза" сауда үйіне барар бұрылыс жол. Көлік жүргізушілері бұл жол қиылысына бағдаршам қажеттігін көптен айтып жүр. Қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің инспекторлары бұл мәселені уақыт күттірмей шешеміз деп отыр.
РКС: Көкшетауда қауіпті жол қиылыстары баршылық. Бірақ олардың барлығына бірдей бағдаршам орната беру мүмкін емес. Өйткені көлік көп, бірден кептелістер пайда болады. Жол қиылыстарына арнайы зерттеу жүргіземіз, қауіпті саналатын бұрылыстарға ғана бағдаршамдар қойылатынын айтып отыр жауаптылар. Көкшетаудағы қауіпті аумақтың бірі "Алтын плаза" сауда үйіне барар жол мен Тәшенов көшесінің қиылысы.
СНХ: БОЛАТ АЙБЕРГЕНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Светофор қойса дұрыс болар еді. Мына перекрестокта әсіресе суббота, воскресенье машина көп болады. Жай күні да машина көп болады. Соған қойған дұрыс болады.
СНХ: ШАМИЛЬ УСМАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Негізі керек деп ойлаймын, себебі көп авариялар болып жатыр. Салып берсе жақсы ғой.
РКС: Көкшетау қалалық полиция басқармасының мемлекеттік автоинспекторлары жүргізген сараптамасына сай облыс орталығында биыл 4 жол қиылысына бағдаршам орнатылмақ.
СНХ: АРДАҚ ТОКИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА МЕМЛЕКЕТТІК АВТОИНСПЕКТОРЫ: Жүргізілген сараптаманың қорытындысы бойынша, көлік санының ұлғаюына байланысты қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне Тәшенов көшесінен Хасенов базарына бұрылар жолға, Алтынсарин-Әуезов, Осипенко-Жүнісов, Абай-Қанай би көшелерінің қиылыстарына бағдаршам қажеттігі туралы хат жазылды. Бұл жұмыстар басталды, яғни аталған қиылыстарға көп ұзамай бағдаршамдар орнатылады.
РКС: Аталған жол қиылыстарына бағдаршамдар қойыла бастады. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады,- дейді автоинспекторлар.
М.АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ