ДИКТОР: Халыққа қызмет көрсететін жаңа орталық ашылды. Онығ ерекшелігі, бір жерден бірнеше қызмет түрін алуға болатындығында. Бұдан былай жергілікті тұрғындар Халық банкі ғимаратындағы жұмысымен қатар мемлекеттік қызметтің басқа да түрін алуға мүмкіндігі бар.
РКС: Бұл жоба бірегей. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Қазақстанның халық банкі алғаш рет бірлесіп, осындай игі бастама көтеріп отыр.
СНХ: БАУЫРЖАН ЕРІМБЕТОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Аталған жобаны біз жылдың басынан дайындадық. Жобаның көздегені қызмет түрлерін алушыларға барынша қолайлы жағдай жасау. Халық банкімен осы мақсатты алға қойдық, ол ойымыз міне, бүгін жүзеге асып жатыр.
РКС: Бұдан былай тұрғындар бөлімдерге сабылмайды. Дәл осы жерде білікті мамандар сала бойынша қажетті көмектің бәрін көрсетеді. Бұл ең алдымен халықтың уақытын үнемдеу үшін жасалып отырған алғышарт.
СНХ: АНДРЕЙ ГРИНЕНКО, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ БӨЛІМШЕЛЕР ЖЕЛІСІНДЕГІ САТУДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін біз банк бөлімшесінде халыққа қызмет көрсету орталығының алғашқы бөлімшесін ашып отырмыз. Бұл бірегей жоба. Айта кету керек, бұл республикалық жоба. Мемлекеттік органдармен бірлескен алғашқы жоба деп айтсақ та болады.
РКС: Болашақта аталған жобаны Ақмола облысының аумағынан бөлек, еліміздің өзге де аймақтарында жүзеге асыру жоспарланып отыр.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ