ДИКТОР: Қоғамдағы келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда, ұлттар арасындағы достықты нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі маңызды. Бұл ретте, Ассамблея қандай шаралар атқарып жатыр? Нәтиже бар ма? Көкшетауда өткен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттау» атты республикалық лекториийде жан-жақты талқыланды.
РКС: Бүгінгі таңда еліміз бойынша 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілі өмір сүреді. Олардың тату-тәтті, ауызбіршілікте болуы жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ауқымды жұмыс атқарылуда. Жиын барысында сол жұмыстарға шолу жасалып, нәтижелері талқыланды. Шараның басты мақсаты жалпыұлттық бірлікті дәріптеу, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жоспарларды талқылау. Сонымен бірге Ассамблеяның негізгі қағидаларын жұртшылыққа жеткізу.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Еліміздің әрмән қарай дамуының негізі бұл қоғамдағы бірлік, қоғамдағы қоғамдық келісім. Осының негізінде барлық жағдай бар бүгінгі күні еліміздің дамуына. Еліміз дамып жатыр, экономикасы дамып жатыр. Биылғы Жолдау негізінен экономикаға арналды. Сондықтан осының бәрін іске асыру үшін жалпы қоғамда бірлік болу керек. Сондықтан, осы бүгінгі күнгі лекторийдің негізгі мақсаты сол.
РКС: Лекторийге жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен қатар, Астанадан арнайы шақырылған қонақтар да қатысты. Ассамблея өкілдері егер барлық қазақстандық бір тілде сөйлесе, бәрінің ойы бір жерден шығып, ел бірлігі жоғары мәртебеге көтеріледі,-деген пікірде. Сондықтан, Ассамблеяның негізгі мақсаттарының бірі қоғамдағы мемлекеттік тілдің рөлін нығайту. Осы мақсатта «Қазақтану», «Үйде сөйле», «Мың бала» сынды жобалар қолға алынған. Айталық, «Мың бала» жобасының аясында бүгінгі күнге дейін 40 мыңнан астам баланың мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне Ассамблеяның септігі тиген.
СНХ: ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, «ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ (АСТАНА): Өзге ұлттың өкілдері қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілін меңгеріп, Қазақстанға отансүйгіштік сезімдерді танытып келе жатыр. Сонымен бірге біз айтып кетуіміз керек «Қазақтану» жобасының аясында біз ұлттық құндылықтарымызды, біздің бірегейлік мақсатымызды жалпы ұлттық бірлікті біз насихаттап келе жатырмыз. Біздің Президентіміз арнайы тапсырмаларда Жолдауларда да адами қаситеттерді жастарымыздың арасында жалпы халықтың арасында біз мұны қалыптастыру керекпіз. Сондықтан, осы тапсырмаларды негізгі алып Қазақстан Халқы Ассамблеясы көп тәрбиелік жұмыстарды жастардың арасында жүргізуде.
РКС: Ассамблея өкілдері жастарды тәрбиелеу, ана мен балаға қолдау білдіру, кәсіпкерлерге көмектесу сынды бірнеше бағыттар бойынша талай жұмыстар атқарып жатыр. Ал, ең басты мақсат қоғамдағы ауызбіршілікті сақтау, ұлтаралық достықты нығайту. Бұл ретте қарапайым халықтың да ролі маңызды. Сондықтан, әр азамат өзіне де өзгеге де құрметпен қарауы тиіс.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ТЕМІРЛАН СӘЛІМОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ