ДИКТОР: Қазақстан Республикасы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының талаптарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларының иелері оларды тіркеуге қоюлары керек. Облыстық ветеринария басқармасы мамандары бұл жаңашылдық не үшін қажет және қаңғыбас жануарларды аулау үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
РКС: Ветеринария бөлімі ағымдағы жылдың басында төрт бағдарлама бойынша баға ұсынысы арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды. Бұл «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру», «Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды анықтау», «Қараусыз жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру», «Қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау». Иесіз жүрген үй жануарларын аулау, вакцинациялаумен айналысатын ұйым үстіміздегі жылдың ақпан айында белгілі болған.
СНХ: ИБРАГИМ БАЛТАБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекеттік сатып алу конкурсында облыстың 18 ауданында "Қазшосқұрылыс" серіктестігі, Атбасар ауданында "Крамарь", "Зеренді ауданында 2 бағдарлама бойынша "Қызмет көрсету орталығы - Дана" жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда облыс бойынша 4244 бас қаңғыбас иттерді аулап, 1652 басын залалсыздандырды. 2592 вакцинациялады, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
РКС: Үй жануарларын есепке алу – қаңғыбас жануарлар мәселесін шешуге бағытталған шаралардың бірі. Егер сізде чип болса, жоғалған немесе иесіз жүрген жануардың иесін табуға болады. Ал егер иесі оны әдейі тастап кеткені анықталса, ол жауапқа тартылмақ. Үй жануарларын есепке алу ақылы негізде жүзеге асырылмақ. Бұл процедураның құны клиникаларда әртүрлі 2500 теңгеден 8000 теңге аралығында.
СНХ: ИБРАГИМ БАЛТАБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Есепке алу өнімдерін орнату үшін болюсты үй жануарының асқазан-ішек жолдарына енгізу арқылы, тері астына чипті енгізу, білезіктер мен мойнына тағатын әбзелдер, электронды белгі, сырға тағу, татуировка тағы басқа.
РКС: Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жануар иелеріне есепке алу жұмыстары бюджет қаражаты есебнен жүзеге аспақ. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 3 миллион теңге қаражат бөлінеді.
М.АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.