ДИКТОР: Зеренді ауданында дәстүрлі «Zerenda Half Marathon» өтті. Спорттық шараның бұл жолғы ерекшелігі – оған шетелдік азаматтар қатысуы. Сонымен қатар, қатысушылардың арасында алпысты алқымдаған қария да, сәбиін арқалаған жас аналар да болды.

РКС: Марафонның негізгі мақсаты: бұқаралық спортты, ішкі туризмді дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау. Екінші рет ұйымдастырылып отырған спорттық шараға 80-нен астам бала, 700-ге жуық ересек қатысты. Марафонның салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аудан әкімі Әсен Жақсылықов тұрғындарды маңызды шараның өтуімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Біздің ауданда марафон осымен екінші жыл өткізіліп жатыр. Өткен жылы 300 қатысушы болса, биыл көрсеткіш екі есеге өскен. Басты мақсат қазақстандықтарға, шет елдіктерге, жалпы барлық келушілерге туристік жерлерді көрсету және біз көздегенімізге жеттік деп ойлаймын. Әрине, тағы бір мақсатымыз аудандықтарға көңіл-күй сыйлау. Сондықтан, танымал әртістердің қатысуымен концерт қойылып, отшашу болады.

СНХ: ПАВЕЛ ТЕНЦЕР, МАРАФОНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Біздің биылғы жаңашылдығымыз – тас жол марафон жарысының халықаралық ассоциациясымен сертификатталған. Және бұл марафонның нәтижесі аккредителген болып саналады, яғни, осы нәтижемен кез келген әлемдік марафонға қатысуға болады. Айталық, Берлин, Чикаго, Нью-Йорк марафондары сынды әлемдік деңгейдегі шараларға еш кедергісіз қатысуға мүмкіндік туады.

РКС: Қатысушылар бірнеше қашықтыққа жүгірді. Ересектер 10 және 21 шақырымды бағындырса, балалар 500, 1000 метрге жүгіріп жарысты. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, қатысушылардың саны өткен жылғымен салыстырғанда үш есеге көп. Одан қалды, марафонға арнайы келген шетелдіктер де бар. Қатысушылардың арасынан Ресей, Украина, Оңтүстік Корея және АҚШның азаматтарын көрдік.

СНХ: GREGORY PIEPMEIER, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ (АҚШ): Менің жасым 35те. 12 жасымнан бастап жүгіремін. Осы жылы жұмыс бабымен Астанаға келген болатынмын. Мұндай марафондарды жақсы көремін. Қазақстанның көрікті жерлерімен танысып, керемет әсер алуға таптырмас мүмкіндік.

СНХ: АННА МАКЕЕВА, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ (МӘСКЕУ): Мен Мәскеуден келдім. 10 шақырымды жүгіріп өттім Бұл менің алғашқы марафоным. Бірақ, соңғы емес деп үміттенемін. Күйеуім қатысатын болып, мені де көндіріп алып келді. Бірінші рет жүгіргендіктен 10 шақырым қиын болды. Дегенмен, алдағы уақытта осындай шараларға қатысып тұрамын деп шештім. Трасса өте әдемі екен. Табиғаты керемет.

РКС: Қатысушылардың арасында мұндай шараға алғаш қосылғандар да, жүгіруді сүйікті ісі көріп, марафондардың ешқайсысын қалт жібермейтін мамандар да баршылық. Дегенмен, бәріне қойылған қашықтық пен талап бір. Астаналық Нұрбек Борин он шақырымды еш қиналмай жүгіріп өтіп, мәре сызығына бірінші келді. Бұл қашықтықты ол 35 минут 29 секундта бағындырды. Ең қызығы, Нұрбек марафонға кешігіп қалған екен.

СНХ: НҰРБЕК БОРИН, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ: Осы жерде болады деп старт отырмын. Разминка істей бастадым да жәй. Енді естісем автобус кетіп қалды дид ана жаққа. Шошып кеттім. Кетіп бара жатқан бір машинамен стартовый номерді қалдырып кеткенім есіме түсті.ол машинадан түсіп қалодым, жүгіріп келіп, стартовый номерді алып алдым да өз машинаммен бардым. Бір волонтерді алып, екеуміз ұшып бардық. Жарысқа үш минут қалғанда келдім. Киімімді шештім. Номерімді байлап 30 секунд қалған кезде стартқа кеттім. Жүгіріп келдік. Бірінші орын бұйырды.

РКС: Нәзік жандылардың арасында бірінші болып мәре сызығын Әсем Әбілқасова кесіп өтті. Бойжеткен 10 шақырымды 41 минутта жүгіріп өткен.

СНХ: ӘСЕМ ӘБІЛҚАСОВА, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ: Ең бірінші 2017 жылы көктемде бірінші старт 12 шақырымға жүгірдім. Содан кейін түсіндім, жүгіру ол менің хоббиім екенін. Содан кейін біраз старттарға қатысиым. Астанада, Өзбекстанда жүгірдім. Жүгіру өзім қатты жақсы көретін хоббиім. Мен Зерендіге өткен жылы қатыса алмадым , травма болғандықтан. Биыл келдім. Трассасы өте әдемі.

РКС: Бағы мен бабын сынау үшін емес, денсаулығын одан әрі нығайтып, жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қатысқандардың бірі көкшетаулық Айтан ақсақал. Жасы алпыстан асса да спорттық шараларда белсенділік танытып жүретін жерлесіміз бұл марафоннан да қалыс қалмады.

СНХ: АЙТАН ЖЫЛҚЫБАЙТЕГІ, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ: Марафон өте жақсы, бұл мереке. Бұл ең бірінші біздің еліміздің салауатты өмір салты соны қалыптастыру. Жастарға айтарым, міне қандай таза ауа. + мәселе қанша уақытқа жүгіріп, медаль алу емес, мәселе бірінші қатысу.

РКС: Біздің назарымызға іліккен тағы бір қатысушы ресейлік Татьяна Карпюк. Арқасына баласын іліп алған жас ана еш қиындықсыз 10 шақырымды жүріп өткен.

СНХ: ТАТЬЯНА КАРПЮК, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ: Біз осы марафонға қатысу үшін Омбыдан арнайы келдік. Мен және ұлым Глеб скандинавиялық жүру әдісі бойынша 10 шақырымды бағындырдық. Ұлымды кішкентайынан спортқа бейімдеп жүрмін. Алғаш рет марафонға қатысқанда Глеб 1,5 айлық болатын. Бұл, екеміз бірге қатысып отырған, шамамен, оныншы марафонымыз.

РКС: Белгілі бір спортты жақсы көрсеңіз, онымен айналысу үшін ешнәрсе де кедергі жоқ. Марафон қатысушылары осының бірден бір дәлелі. Оларға жас та, бауырындағы сәбиі де, мыңдаған шақырым да түк емес. Марафон қотырындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінгендер аудан әкімінің атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, танымал жұлдыздардың қатысуымен концерт, отшашу ұйымдастырылды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ