ДИКТОР: Бесінші қазан қылмыстық іздестіру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл қашан да алдыңғы сапта жүретін полиция қызметкерлері. Оларға қылмысты ашу бойынша ең күрделі міндеттер жүктеледі. Ауыр да күрделі қызметті таңдап, өз ісіне берілген мамандардың бірімен біздің түсірілім топ тілдесіп қайтты.

РКС: Криминалдық полиция ішкі істер органдарындағы ең күрделі әрі маңызды қызмет. Жедел уәкілдер қылмыскерді құрықтайды, олардың кім екенін анықтайды, тергеу амалдарын жүргізіп, қашан да қауіп бар жерде жүреді. Өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүргендердің бірі – Ренат Айтқожин, Көкшетау қаласының полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі. Ол отанды қорғау әрбір ер азаматтың парызы деп біледі.

СНХ: РЕНАТ АЙТҚОЖИН, КӨКШЕТАУ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Туып өскен жерім Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылы. 2005 пен 2007 жылы мамыр айынан бастап Қапшағай қаласында әскери борышымды атқарып келгеннен кейін полиция болуды армандадым. 2009 жылы кірдім. Арманым полиция қызметкері болу болатын.

РКС: Ренат Айтқожиннің криминалдық полицияда қызмет етіп жүргеніне 10 жыл. 2014 жылдан бері полиция капитаны ұрлық, тонау, шабуыл сынды қылмыстардың бетін ашып келеді. Тұрақты емес жұмыс күні, түнгі кезекшіліктер, күн сайынғы қылмыскерлермен байланыс – осының бәрі басқаға жат болғанмен Ренат үшін үйреншікті жайт. Бүгінге дейін Ренат талай қылмыстың бетін ашқан.

СНХ: РЕНАТ АЙТҚОЖИН, КӨКШЕТАУ Қ. ПОЛЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: 2022 жылы желтоқсан айында Әуезов көшесінде қарт кісінің үйіне екі жігіт кіріп алтын бұйымдарын пышақпен қорқытып алып кеткен. Соның ізін суытпай біз таңертең барып, зейнеткремен сөйлесіп не болған жағдайды бәрін біліп сұрастырдық. Екі күннен кейін Балкашинадан екі күдіктіні таптық.

РКС: Жыл басынан бері жедел уәкіл 9 қылмыстың бетін ашуға ат салысып, барлығын 100 процентке орындаған. Жұмысқа деген адалдығы мен қалтқысыз еңбегі үшін Ренат Айтқожин талай рет ІІМ-нің және полиция Департаменті басшылығының көзіне түсіп, медаль, грамота және алғыс хаттармен марапатталған.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ