ДИКТОР: Қазіргі уақытта қала тұрғындары, әсіресе, жастар арасында зияткерлік ойындар кеңінен танымал болып келеді. Көкшетауда "Jeti Qazyna" зияткерлік ойынының кезекті сайысы өтті. Бұл жолғы білім додасында 20-дан астам мүмкіндігі шектеулі жан бақ сынады. Олар білім мен біліктілік, тапқырлық пен шапшаңдық қабілеттері бойынша сынға түсті.
РКС: Білімнің толайым табысқа, биік белестерге жетелейтін күш екендігін дәлелдейтін ойын бұл. Мұнда, негізінен, еліміздің тарихы, мәдениеті мен руханиятына қатысты сұрақтар қойылды. Түрлі бағыт пен саланы қамтыған сан түрлі сауалдар қатысушылардың жан-жақтылығын талап етеді. Сол себепті ішкі түйсікпен ойлау да маңызды.
СНХ: ӘСЕТ БАЙЖОЛОВ, «JETI QAZYNA» БАСТАМАШЫЛ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫНЫҢ РЕЗИДЕНТІ: Jeti Qazyna зияткерлік ойының ұлттық ойынға айналдырғымыз келеді. Мұнда қазақтың салт-дәстүрі, қалалары, ескерткіштері туралы түрлі сұрақтар қойылады. Сыйлық ретінде Абай Құнанбаевтың "Қара сөздері" жинағын бердік. Келесі ойында біз оларды кейбір спорт түрлерімен таныстырғымыз келеді. Сонымен қатар конькимен сырғанау үшін тегін билеттер береміз. Бұл олардың спортқа деген қызығушылығын оятады деген сенімдемін.
РКС: Бұл ойын есту қабілеті бұзылған адамдарға шығармашылық ойлау мен аналитикалық қабілеттерді дамытуға көмектеседі. Сұрақтар мен тапсырмалар әртүрлі форматта.
СНХ: МАРУФ ШАРАФИТДИНОВ, ОЙЫНҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен мұнда 6 рет келіп отырмын. Әсіресе маған сыйлықтар қатты ұнады. Бұл ойынға аз адам қатысатын. Қазір қатысушылардың саны 20-ға жетіп отыр.
РКС: Қуантарлығы - аталмыш шара, әсіресе, жастар арасында танымал бола түсуде, - дейді ұйымдастырушылар.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ