ДИКТОР: Облыс орталығында сот практикасына ауысқысы келетін мамандарға біліктілік емтиханының ережелері туралы түсіндірілді. Қабылдау ережелері өзгерген. Бұл туралы еліміздің Жоғарғы Сот Кеңесінің өкілі Олеся Цай айтты.

РКС: Кездесуге судья болғысы келетін прокурорлар, адвокаттар, заңгерлер және жоғары лауазымдарға конкурсқа қатысуға ниет білдірген сот өкілдері шақырылды.

СНХ: ДАНИЯР САПАРБЕК - ҚР СОТ ӘКІМШІЛІГІ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Кездесу кеңестің қызметі туралы айтуға, судья лауазымына түсу үшін қойылатын ережелер мен талаптарды түсіндіруге бағытталған.

РКС: Конкурсқа қатысу үшін заңгер мамандығы бойынша 5 жылдық өтілі және 30 жастан асқан болуы шарт. Мамандар заңнаманы білуге тестілеу, полиграфта тексеру, психологпен әңгімелесу, эссе жазу, әңгімелесу, конкурсқа қатысу және тағылымдама түріндегі кезеңдерден өту керек.

СНХ: ОЛЕСЯ ЦАЙ, ЖОҒАРҒЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Сізге жұмыстың күрделігіне байланысты өз мүмкіндігіңізді дұрыс бағалаған жөн. Жаңадан келгенсіз, қызметті енді бастап жатырсыз, тәжірибеңіз жоқ. Сондықтан жүктемесі аз, істер аса күрделі емес, қарауға жеңіл аудандардан бастаған абзал. Бұл соттар мамандандырылған емес, ал жалпы істерді қарайтын болғаны дұрыс.

РКС: Конкурстан өту үшін шекті балл 75. Үміткерлердің жеткілікті мөлшерде жиналмаған кезеңді қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ