ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Нұрсұлтан Мұқашев тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев таныстырды. Нұрсұлтан Мұқашев 1977 жылы 22 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1998 жылы Қарағанды қаласы Ішкі істер Басқармасының анықтау бөлімшесінің анықтаушысы қызметінен бастады. Әр уақытта Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында түрлі лауазымдарда болған. 2010-2020 жылдары Қарағанды, Саран, Шахтинск қалаларының полиция бөлімдерін басқарды. Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары болды. Соңғы жылдары Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.