ДИКТОР: Ақкөл ауданында жыл басынан бері 4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Ауданға 17,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Өңірге жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Марат Ахметжанов бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстың барысымен танысты.

РКС: Жұмыс сапарын Марат Ахметжанов аудан активімен кездесуден бастады. Жиында халықтың әл-ауқатын жақсарту және аймақтағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімі бастысы жылу маусымына дайын болу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ауданда ауыз су мәселесі өткір тұр. Бірқатар ауылда сумен жабдықтау жүйесі жөндеуді қажет етеді. Кәріз-тазарту қондырғылары бойынша да біраз проблема бар.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Екі қағидаға назар аударуымыз керек. Олар адамдарға арнап жағдай жасау және тұтынушылардың көңілінен шығу. Бір сөзбен айтқанда, біз игерілген қаражаттың көлеміне емес, нәтижелері мен сапасына назар аударуымыз керек. Әлеуметтік көрсеткіштерді сандармен емес, нақты істермен өзгерту керек. Жергілікті атқарушы органдардың тиімді жұмысының сапасы халықтың талаптары мен қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс.

РКС: Ақкөл ауданындағы жолдарды жөндеуге 1,6 млрд теңге бөлінді. Оның 710 млн-ы Ақкөл қаласындағы Бигелдинов көшесіне бағытталған. Алайда, шаһардағы маңызды инфрақұрылымдық объектіде жұмыс баяу атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта 700 метр жол учаскесі екі қабатқа асфальтталды, 1200 метр жаяу жүргіншілер тротуары және су құбыры құдықтары орнатылды. Айта кетсек, жол 30 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген.

СНХ: МИХАИЛ ВОРСИН, АҚКӨЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бөлінген 710 млн теңгенің 117 млн-і ғана игерілді. Қалған қаражат басқа жобаға қарастырылып жатыр. Бұған себеп, мердігер компанияның баяу жұмыс істегені. Сондықтан, қазір жоба түзетуді қажет етеді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сіздерде жұмысшылар да, техника да жоқ. Сондықтан, жұмыс баяу жүріп жатыр. Соның зардабын халық көріп отыр. Қаражатты игеруді аяқтаңыз, содан кейін ғана мен шешім қабылдаймын. Бұл жұмыспен білікті мамандар айналысуы қажет. Мемлекеттік қаражатқа бизнес құрудың қажеті жоқ!

РКС: Бұл мәселеге қатысты арнайы жиналыс өткіземіз, - деді өңір басшысы. Кейін облыс әкімі Ақкөл аудандық ауруханасына бас сұқты. Емхана осыдан 55 жыл бұрын қолданысқа берілген. Емдеу мекемесі 250 адамды қабылдауға қауқарлы. Күндізгі стационар 70 төсек-орына шақталған. Басты мәселе, аумағы 5275 шаршы метрді құрайтын стационар әбден тозған. Күрделі жөндеуді қажет етеді.

СНХ: НҰРЛАН АХИЛЬБЕКОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жылжымалы медициналық кешен бар. Емхана толық жабдықталған. Енді стационарға күрделі жөндеу жүргізу керек. Қазіргі уақытта Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. Оған 31,5 млн. теңге бөлінді.

РКС: Сондай-ақ, облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен «Smart Aqkol - 2018» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысты. Сапары соңында өңір басшысы Ақкөлдегі 45 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатқан нысанға барды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жұмыс уақытында істелмейді. Себебі, қаражатыңыз, техникаңыз және жұмысшылар жеткіліксіз. Қосалқы мердігерге тапсырып қоя бересіз. Басты мәселе осы болып тұр. Бұл қалай болғаны?! Қаражат бөлінді, бірақ тұрғын үй 3 жыл салынып жатыр. Қанша адам, жаңа мамандар мұнда қоныстануға келу керек болған. Бұл үлкен жауапсыздық? Қазір қандай жұмыстар қалды?

СНХ: ВЛАДИМИР ПИНЧУК, «НИКС ИнжинирингГрупп ИВ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Толық дайын, төсемдерді аяқтадық, электр қуаты толығымен өткізілді.

РКС: 5 қабатты тұрғын жыл соңында қолданысқа тапсырылады деп жоспарланып отыр. Марат Ахметжанов жұмысты желтоқсан айына дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, бұл нысанның құрылысын өз бақылауына алды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ