ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Молодежный ауылында жаңа мешіт бой көтерді. Елді-мекенде 150-ге жуық шаңырақ бар. Аталмыш күнге орай ауыл тұрғындары мен қонақтары бас қосып, «Ар-Рахман» мешітінің ашылуын салтанатты түрде өткізді.
РСК: 500-ден астам тұрғыны бар, елді-мекенде бұған дейін мешіт болмаған. «Ар- Рахман» мешіті алғашқы. Ауыл тұрындарының осындай қуанышына ортақтасып облыстың бас имамы арнайы келді.
СНХ: ҚУАНЫШ ҚАЖЫ СӘБИТ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ: Барлық мақтау әлемдердің Раббысы болған Алла Тағалаға тән, пайғамбарымызға оның сахабаларына салауаттары болсын. Алланың шексіз мейірімі, сәлемі, берекесі сіздер мен біздерге болсын. Осы елді-мекенде ашылып жатқан, мешітіміз баршамызға қайырлы құтты болсын. Алла тағала осы ашылғалы жатқан мешітіміздің келешекте жамағатқа толы болуды, осы елде тұрып жатқан барлық үлкен кәрі-жас, осы мешітке келіп, Алла тағалаға құлшылық, ғибадатын жасап, осы мешіт себебінен Алланың кәләмі болған қасиетті құранды үйреніп, осы мешіттің себебінен осы елде тұрып жатқан халықтың алла тағалаға деген иманның күшеюіне, иманның жоғарлауына себеп болсын дегім келеді.
ИНТЕРШУМ: шашу
РСК: Бұрын бұл мешіттің орнында халық өзі күшімен салған, үлкен медициналық пункт болған. Ал бүгінде орнына жаңадан қаланған мешіттің кереметтілігіне көз тоймайды,-дейді тұрғындар.
СНХ: САЙЛАУ МҰҚЫШЕВ, МОЛОДЕЖНЫЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін халықтың көптен күткен армандаған арманы ақталып, қуанып алыс-жақыннан ағайын туыс келіп жатыр. Бұл жерде көбіне Атығай Бағыстың ұрпақтары көбіне тұрады. Бұл мешіт өте әдемі екен. Бұрын үй ішіне істейміздеп еді, бірақ жадайлары елмеді. Ішінде жуынатын, намаз оқитын жері бар. Балалар осыған бәріне көмектесіп, 1-ші осы Бауыржанның жолдастары және ағайын-туыстар мына, бәрі астанада тұрады қазір, көбі осы жерден көшіп, бәрі сол жаққа кеткен. Енді қазір бастары қосылып осы жерде жиналып жатыр.Ұзағынан болсын мешіт.
РСК: Іс-шара соңында мешіттің іргесін қалауға ат салысқан азаматтар алғыс хаттармен марапатталды. Одан кейін, қалың жамағат жұма намазына жығылды. Енді халықтың арманы Молодежный ауылының атын Самарбай ауылы деп өзгерту.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ