ДИКТОР: Көкшетау тарих пен салт-дәстүрді насихаттауға бағытталған «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Сегіз қырлы бір сырлы ер азаматтардың мықтыларын анықтауға арналған сайыста 7 үміткер бақ сынады.
РКС: Жігітке жеті өнер де аз. Бұны сахна төрінде өнер көрсеткен қатысушылар дәлелдеді. Жігіт сұлтаны сайысында бақ сынап өнер көрсеткен азаматтар бастапқыда өздерін таныстырды. Одан кейін шығармашылық өнерін көрсетіп, сұраққа жауап берді. Сондай-ақ, білектегі күшін сынап гір тасын көтерді.
ИНТРШУМ
РКС: Намысты қолдан беріп қоймаймыз деп, қатысушылар жеңіске жету үшін бар күш-жігерлерін салды.
СНХ: АҚЫЛДАС СЕМЕТАЙ, ҚАТЫСУШЫ: Мен жігіт сұлтаны байқауына 18 мектеп лицейдің намысын қорғаған келіп отырмын. Қатысушылар белсенді дайындалып келген. Жарыс өте тартысты деп айтуға болады. Себебі әр қатысушының жеке тұлғалық қабілетті бар. Өнері бар. Сондықтан мен қарсыластарыма тек қана сәттілік тілеймін. Өзіме жеңіс тілеймін.
ИНТЕРШУМ
СНХ: ЕРМЕК ДҮЙСЕНБАЙ, КӨРЕРМЕН: Осындай жарыстар болып жатқанына өте қуаныштымын. Осы іс шараға досымды қолдауғвюа келдім. Іс шара жоғары деңгейде өтіп жатыр. Әр қатысушы өз өнерін көрсетіп жатыр. Осындай жарыстар көп болсын.
РКС: Байқаудың қорытындысы бойынша Жігіт сұлтаны - 2023 атағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанты Дәурен Қадыр жеңіп алды. Жүлделі 2 орын иегері «Көкше» Мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Азамат Қадыл, 3 орын иегері Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп лицейінің тәрбие бөлімінің маманы Ақылдас Семетай атанды. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ