ДИКТОР: Абылай ханның өміріне арналған «Батырлық біздің салтымыз» атты әдеби кеш өтті. Танымдық іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен Сәкен Жүнісов атында №18 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Абылай ханның әдебиет пен тарихта алған орны мен салған жолы туралы сөз қозғалды.

РСК: Абылай хан қиын заманда қазақ халқының мүдделерін қорғап қалған саясаткер. Әскери қолбасшы және дипломат ретінде белгілі. Ұлы ханға қатысты деректерді Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Ерболат Баятұлы көтерді.

СНХ: ЕРБОЛАТ БАЯТ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Абылайды білмейтін қазақ жоқ. Қазақта не бір баһадүр батырлар, атақты хандар өтті. Солардың ішінде ерекше халықтың жадында қалған тарихи болмысында үлкен орын алатын, тарихи қоғамдық санамызды, жаңа бір биік белестерге көтерген. Қазақтың тағдыры талайға түскен уақытта, таласқа түскен кезеңде халқының қасынан табылған. 3 жүздің басын қосып, қазақ хандығының керегесін кеңге жайып, уығын бекітіп, шаңырағын шалқайтқан хан – Абылай хан.

РКС: Сондай –ақ, өткен ғасырдың дәстүрі мен салты көркем бейнеленген деректі фильм де көрсетілді. Хан Абылайдың қазақ халқындағы жарғын бейнесі туралы гуманитарлық ғылымдар магистрі, докторант Талапкер Уәлиев баяндама оқыды. Ал, осындай танымдық ақпаратты алған оқушылармен ұстаздар өз ойларымен бөлісті.

СНХ: АРМАН ӘБІЛҚАДЫРОВ, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Бүгін біздің мектебімізде Мәлік Ғабдуллин музейімен біріккен «Батырлық біздің салтымыз» атты тамаша бір іс-шара болып жатыр. Абылай жалпы қазақ тарихында, Көкше өңірінде үлкен орны бар. Шынында да Хан көрген Көкшетау, хан ордасы Абылай мекенінде ат аунаған жерде түк қалады дегендей, біздің жерімізде үлкен сондай батыр, данышпан, мықты тұлғалардың шығуы сол дәстүрдің жалғасы болуы керекті. Негізі Абылайдың заманы-қазақ батырларының заманы. Қазақ елінің болашағы мен келешегі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпаққа Абылай сынды тұлғаларды, Абылай заманындағы батырларды үлгі ету үлкен бір іс. Бұл мемелекеттік идеология десек те болады. Сол себепті, бұл іс-шара өте сәтті ұйымдастырылған іс.

РКС: Іс-шараға мектеп оқушылары бос келген жоқ. Әр оқушы тақырыпқа сай белгілі ақындардың шығармаларынан өлең жолдарын оқыды.

ИНТЕРШУМ: оқушылардың оқыған өлеңдері

СНХ: ӘЛИХАН ЖАҚСЫЛЫҚ, СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Әдеби кеште мен өлең оқыдым. Кеш менің ойымша өте жоғары деңгейде өтті. Болашақ ұрпаққа Абылай хандай батырлық рухпен, өнеге үлгі болып қалсын деген сенімдемін.

РКС: Мәлік Ғабдулин музейінің ұйымдастыруымен өткен шара өскелең ұрпақтың бойына қазақтың елі мен тарихына деген құрметті, ұлтжандылықты тәрбиелеуге бағытталған.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ