ДИКТОР: Биылғы егістік алқаптарындағы астықты жинау Қазақстанның барлық диқандары үшін оңайға соқпауда. Бурабай ауданы, Златополье ауылының шаруалары дәнді, бұршақ және майлы дақылдарды өсірумен айналысады. Егінді тиянақты жинап алу үшін күн сайын жүздеген механизатор егіс алқабына шығады. Ұзақ уақытқа созылған жаңбыр қиындық туғызғанымен ауыл тұрғындары егінді қар астында қалдырмаймыз деп жанталасуда.

РКС: Толассыз жаңбыр, жолсыз егістік алқаптары, ылғалды астық. Биылғы танап төсіндегі дала жұмыстарына кедергі көп. Төрт баланың анасы Әсем Ағзамова «АФ Бурабай-2007ГЦК» жаңа шаруа қожалығында бірінші жыл еңбек етуде. Жұмыс оңай емес, бірақ ауыр екен деп еңбектен қашу оның әдетінде жоқ. Әсем Ақмола облысындағы жалғыз агроном әйел. Ол еңбек етіп жүрген шаруашылықтың қарамағында қырық бес мыңнан аса егін алқабы бар. Оның ішінде жиырма бес мың гектардан асасына көктемде дән сіңірілген.

СНХ: ӘСЕМ АҒЗАМОВА, «AF BURABAY-2007GCK» ЖШС АГРОНОМЫ: Жауын-шашын түспей тұрып, аздап жинап үлгерген болатынбыз. 1814 тонна тұқым кіргіздік. бұл элиталық дақылдардан алынған учаскелер, ылғалдылығы жақсы 12%, өңделген тұқым. Масақтағы барлық тұқымдар, барлық дәндер өнеді. Биыл жауын-шашынға дейін қамырлылығы 27 болды, 30-дан төмен емес, барлық астық үшінші кластан өтті. Біз ауыл тұрғындары әлі де біраз астық жинап аламыз деген үмітіміз бар. Мемлекет тарапынан қолдау туралы айтсам арзандатылған жанар-жағармай мен келесі жылға тұқым берер және кейбір қарыз міндеттемелерін тежей тұрады деп ойлаймын.

РКС: Биылғы жауын-шашын нормадан төрт есе көп түсті. Егінді уақытылы жинау үшін басқарма, агроном және есепші келесі жауын-шашынға дейін ылғалдылығы аз танапты таңдайды. Техника істен шығып, кейбірі балшыққа батса да барлығының басты міндеті егінді ысырапсыз жинап алу. Бұл механизаторлардың егіс алқабында жұмыс істеп жүргеніне бірнеше жыл болған. Бірақ мұндай қатал күзді алғаш рет көруіміз,- дейді.

СНХ: МЫРЗАХМЕТ АЙМҰРЗИЕВ, КОМБАЙНШЫ: Биылғы орақ науқаны қиынға соғып жатқаны рас. Басында құрғақшылық болды, кейін толассыз жауын шашын түсті. Қиын болса да астықты жинап жатырмыз. егістік алқабының бір жағына жауын жауса екінші жағы құрғақ болады. Сол себепті техниканы анда алқаптан мына алқапқа жіберіп жатырмыз.

РКС: Отыз жылдық тәжірибесі бар комбайншы Мырзахмет Аймұрзиев ылғалдан техникалар істен шығып, комбаиндарды жиі тазалап отыруға тура келеді, бұл да оңай емес, көп уақытты алады,- дейді. Бірақ, осындай кедергіге қарамастан серіктестікте жұмыс істейтін екі жүз ауыл тұрғыны бұл қиындықты да игереміз дейді.

СНХ: СЕРІК СҮЛЕЙМЕНОВ - «AF BURABAY-2007GCK» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Біз барлық астықты жинап алуға тырысамыз. Міне, арпа егілді, мына жерден жасыл шөпті көріп тұрсыз. Холдинг басшылығы астықты тікелей элеваторларға жіберіп, кептіріп қайтадан әкетеміз деген шешімге келді. Мұнда халықтың да үлесі бар. Өткен жылы халықтың үлесін толыққанды берген болатынбыз. Онда 11 центнерге жуық өнім алдық. Биыл 7 центнер жинап алсақ деп отырмыз. Тұрғындардың үлесін беру үшін астықты кептіріп, кейін таратып береміз. Адамдардың малын сақтап қалғанын қалаймын.

РКС: Шаруа қожалығының үш филиалы бар – Обалы, Златополье және Атамекен. Астық шығымдылығы әр жерде әртүрлі. Күзгі орақ науқаны жалғасып жатыр. Диқандар егінді толық көлемде жинап аламыз деген үмітте.

СНХ: СЕРІК СҮЛЕЙМЕНОВ - «AF BURABAY-2007GCK» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Мен барлық әріптестеріме үлкен шыдамдылық тілеймін. Келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарына да дайындықты ұмытпауымыз керек. Бұл уақытша сынақ деп білем. Бұл тығырықтан да шығармыз деп ойлаймыз./

М.АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ