ДИКТОР: Өңірде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Онда қала тұрғындарына әр түрлі сала бойынша 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңке «Табысқа апаратын жол. Жұмысқа орналасуға көмек» акциясы аясында ұйымдастырылды.
РКС: Кезекті жәрмеңкеге түрлі сала бойынша 20-ға тарта жұмыс беруші қатысты. Жоғары білімі бар мамандарға да сұраныс көп. Сонымен қатар, департамент өкілдері жастарды жастарға практикасы арқылы жұмысқа орналастыру мен мемлекеттік қызметке кіру ережелері жайлы ақпарат берді.
СНХ: ДАРХАН ҚАНАФИН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Қабылдауда жоғары курс студенттері басқа да азаматтар келіп,сұрақтарына жауап алып жатыр. Кез-келген адамға өзіне жұмыс табуға мүмкіндік беріліп отыр. Қаламыздағы ірі кәсіпорындардың уәкілдерін шақырып осы тақырыпты қоғамдық қабылдауда өткізіп жатырмыз. Жұмыс берушілер де жастар арасынан өзіне қажетті адамдарды табуға үлкен мүмкіндік туып отыр.
СНХ: АСҚАРБЕК МҰҚАШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КАДР САЯСАТЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Біздің негізгі талап азаматтар 18 жастан бастап 35 жасқа дейін адамдарды қабылдаймыз. Жоғары білімді,құқықтану бағыты бойынша дипломы немесе әскери билеттері болуы керек. Жұмысқа орналасу үшін бізге келіп,сұрақтарына жауап ала алады.
РКС: Студенттер жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс іздеп, түрлі мекеменің есігін қағады. Көбінесе еңбек өтілі жоқ түлектер қайда барарын білмей сабылады. Сондықтан да, мұндай жағдайлардың алдын алып, жастарды еңбекпен қамту мәселесін шешу мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
СНХ: НҰРАЙ ДҮЙСЕШ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Қазіргі таңда мен 4 курс студентімін. Болашақта мен өз мамандығым бойынша жұмыс істегім келеді. Көкшетау қаласында өтіп жатқан бос орындар жәрмеңкесіне келіп мәліметтер алдым.
РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша биыл жыл соңына дейін тағы бірнеше рет жәрмеңке ұйымдастыруды көздеп отыр.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ