ДИКТОР: Ел қоржыны тағы бір медальмен толықты. Триатлоншы Аян Бейсенбаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ақмолалық спортшы 1500 метр жүзуді, 40 шақырым велокезеңді және 10 шақырым жүгіруді 1 сағат 52 минут 25 секундта бағындырып, үшінші орынға табан тіреді. Ұлының жеңісін жұмысқа барар жолда естіген Дидар Бейсенбаева қуанышын жасыра алмай, туған-туыстарына хабарласып, сүйінші сұрады.

ИНТЕРШУМ: Ұлын тоғыз жасында спорт үйірмесіне жетектеп апарған анасы. Алайда, алғашқыда бұл жәй ғана әуестік деп ойладық,-дейді ол. Дегенмен арада бір жыл өтпей-ақ Аян қатарластарынан озып шығып, түрлі республикалық, халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп келеді.

СНХ: ДИДАР БЕЙСЕНБАЕВА, АЯН БЕЙСЕНБАЕВТЫҢ АНАСЫ: Кішкентай кезінде ауырды. Бронхит часто болды. Сол кезде дәрігерлерге маған бассейнге беріңіз деп айтты. Солай триатлонның мектебіне апардым. Тренировкаға барып жүрді. Ерінбей. Күнде екі рет барады тренировкаға. Таңертен, сосын түстен кейін барады.