ДИКТОР:Азия ойындарында дзюдадан өнер көрсеткен ұлттық құрама елге оралды.
ИНТЕРШУМ
ТҮЙІН: Ел қоржынана 1 күміс пен 4 қола салған Әбиба Әбужақынова, Эсмигул Куюлова, Мағжан Шәмшадин, Абылай Жұбаназар мен Нұрлыхан Шарханды, Алматы әуежайында жанкүйерлері мен туыстары күтіп алды. Дзюдан Азия елдері әлемде көш бастап тұр, сондықтан бұл жақсы көрсеткіш дейді мамандар. Жалпы күрестің бұл түрінен биылғы Азиадада 33 елдің спортшылары бақ сынасты. Дүбірлі додада жапыкомандалық есепте Қазақстан үздік ондықтың қатарына енді.
СНХ: ӘБИБА ӘБУЖАҚЫНОВА - АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ: Осылай күтіп алған қазақ еліне үлкен алғыс білдіреміз. Бұл менің жарақаттан кейінгі бірінші жеңісім. Үш ай демалып қалғанмын. Күміс болса да қуанып тұрмын. Себебі енді-енді өзіме келіп жатырмын.
СНХ: МАҒЖАН ШӘМШАДИН - АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Үміт артты ғой маған. Өзім ақтай алмағаныма іштей қынжылдым. Алтын жоқ қой бізде. Сол алтынға жетеміз деп үміттенеміз енді. Осы алдағы 2024-те олимпиада чемпионы болады, шығады деп ойлаймыз.