ДИКТОР: Интернет-алаяқтық қылмыстың жаңа түрі болып есептеледі. Жыл басынан бері облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 745 фактісі тіркелді. Күн санап қылмыстың жаңа түрлері пайда болып жатыр. Осындай заңсыз әрекеттер интернет кеңістігінде белең алып келеді.

РСК: Облыс бойынша зардап шеккендердің саны күн санап артып отыр. Алаяқтар желіде кездесетін жарнамалар арқылы қарапайым халықты қалай сан соқтырып кетудің тың амалдарын табуда.

СНХ: САҒЫНДЫҚ ЖАНТЕМІРОВ, АҚМОЛА ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өткен жылы интернет - алаяқтықтың 559 дерегі тіркелген болса, биыл 745 фактісі тіркелді. Бұл 33.3 %-ға көп. Оның ішінде аяқталғаны - 61 қылмыстық іс. Ал қазіргі уақытта ашылмаған істің саны - 467. Істі ашу көрсеткіші 9,5 %. Бүгінгі таңда алаяқтықтың бірнеше негізгі схемаларды бар. Атап өтетін болсақ, олар: банк қауіпсіздігі қызметкерлері ретінде қоңырау шалу, Олх, Колеса, Instagram сынды танымал сайттарда жарнама беру арқылы тауарларды сатып алу және сату арқылы арам ойларын іске асырады.