ДИКТОР: Ақмолалық оқушы Жанел Құманғалиева тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатында жүлделі оралды. Ауқымды шараға 17 елден келген жаспөспірім қатысқан. Алғаш рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеде Қырғызстан,Латвия,Чехия,Польша мен Моңғолиядан 150-ден астам оқушы бақ сынады.
РКС: Жанел Құрманғалиева 5 сыныптан бастап тоғызқұмалақ ойнайды. Шеберлігін шыңдаған оқушы талай сайыстан жүлделі орын алған. Сонымен қатар ол математика, ағылшын тілі пәндеріне жетік. 15 пен 17 жастағы спортшылар арасында үздіктер қатарынан көрініп, тоғызқұмалақтың блиц түрінен қола жүлдені қанжығасына байлады. Бұл жолы да әлемнің кіл мықтысы жиналған додада ел намысын қолдан бермеді.
ИНТЕРШУМ: тоғызқұмалақ ойнау сәті
СНХ: ЖАНЕЛ ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ №7 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен үшін тоғызқұмалақ ойына өте қызық болды.Оны қалай ойнау керектігін зерттеп,көп іздендім.Бұл қиын ойын.Тоғызқұмалақты ойнау мен үшін үлкен құрмет. Бұл ойында ең маңыздысы сабырлық, логикалық есептеу.
РКС: Мектеп-лицейі болашақ чемпиондарды дайындау үшін балаларды жарыстарға жиі қатыстырады. Соның нәтижесінде Ұлттық ойынға құштар оқушылар жыл өткен сайын көбейіп келеді.
СНХ:ЖҰМАТАЙ ӘБІЛҚАСЫМОВ, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Оқушым Жанель өзінің еңбекқорлықтың нәтижесінде осындай көрсеткішке жетіп отыр.Мұның алдында да Қазақстан чемпионаттарында өнер көрсетіп, оқушылар арасындағы ұлттық мектеп лигасында өнер көрсетіп талай жеңістерге жетті. Байрақты бәсеке әлем чемпионатында бағын сынап,сенімді ақтады.
РКС: Қазір өңірде 15-тен астам тоғызқұмалақ үйірмесі бар. Онда 10-ға тарта жаттықтырушы еңбек етеді. Ал облыста 4 мыңнан астам адам спорттың осы түрімен айналысады.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ