ДИКТОР: Спортшылар есірткіге қарсы! Дәл осындай атаумен Көкшетауда жастар арасында есірткінің алдын алу бағытындағы іс-шара өтті. Оған қатысқан споршылар өз құрбыларын жаман әдеттен аулақ болып, спортпен шұғылдануға шақырды.

РКС: Нашақорлық - әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселе. Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан етті. Жастар зиянды әдеттерден қашық болып, спортпен айналысу қажет, - дейді "Спортшылар есірткіге қарсы!" акциясына жиналғандар. Көкшетау қалалық ішкі саясат бөлімінің жобасы аясында өткен іс-шараға көп жылдан бері спортпен айналысып жүрген өрендер келіпті.

СНХ: МАДИЯРБЕК ҰЗАҚБАЙ, СПОРТШЫ: Мен спортпен 4 жасымнан бері айналысамын. Жақында Ақтөбе қаласында Қазақстан чемпионатына барып келдім. 1 орын алдым. Әрине біз спортсмендар нашақорлыққа қарсымыз. Өйткені біз спортпен айналысамыз.