ДИКТОР: Көкшетау қаласында 192 мыңнан астам адам тұрады. Облыс әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласының бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарын салу және жөндеу барысымен танысып. Кейбір кәсіпорындарға барды. Сапар барысында өңір басшысы түрлі салалардың жауапты мамандарымен кездесті.
РКС: Марат Ахметжанов құрылысы аяқталуға жақын Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің жатақханасында болды. Білім ошағында 8 мамандық бойынша 1129 студент оқиды. Мердігер -"NAK Construction"компаниясы. Серіктестік 5 қабатты студенттер үйін 2021 жылдан бері салып жатыр. Биыл құрылысқа 839 млн теңге қаржы бөлінді. 243 млн-нан астамы игерілді. Өңір басшысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына объектіні қабылдамас бұрын, жұмыстың сапасын бақылауды тапсырды.
ИНТЕРШУМ
РКС: Облыс әкімі Новопэк серіктестігінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын бір мыңнан астам тұрғынды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Олардың өнімдері елімізде де, экспортқа да шығарылады.Алайда, бәсекелестік үлкен дейді серіктестік директоры.
СНХ: ЕЛНАР АДАЙБЕКОВ, "НОВОПЭК" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: Бәсекелестік өте жоғары. Импортпен күресіп жатырмыз. Жеңіл өнеркәсіпті қорғауға тырысамыз. Сапаға инвестиция саламыз, бірақ нарықта өз қиыншылықтары бар. Компаниямызға адамдар керек, орын тапшылығы бар.
РКС: Марат Ахметжанов спорт нысандарына да барды. Мына "Qazaq Union" серіктестігінің Мұз аренасы. Жобаның құны 1,3 млрд теңге. Ал бұл №7 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі. Мұнда 492 бала түрлі спорт үйірмелеріне қатысады. Атап айтқанда, триатлон, велоспорт, гимнастика мен бессайыс. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев ауданы 3 гектар учаскеде көпфункционалды спорт кешені құрылысының барысымен таныстырды.
СНХ: ӘСЕТ БҮКІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Нысан екі қабатты. Жетөле қабаты да бар. 2 ойын залы болады. 2-ші қабатта бокс және күрес залы болады.
РКС: Көпфункционалды спорт кешенінің құрылысына 14 млрд теңге бөлінді. Нысан 3 гектар аумақты құрайды.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ