ДИКТОР: Өңірде 112 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Жасы ұлғаюына немесе мүгедектігіне байланысты өз бетінше жүріп тұруға қабілетсіз адамдар үшін облыста 5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 461 төсек орындық мекемелерде 334 қарт адам тұрады. Олар Бурабай, Бұланды, Біржан сал, Шортанды және Целиноград аудандарында орналасқан. 2023 жылға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы 1 млрд 640 мың теңге.
РКС: Осындай орындардың бірі - облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жанындағы Макинск қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Орталық тәулік бойы тұрақтауға немесе үш ай тұруға арналған. Қызметкерлер қарттарға ыңғайлы болу үшін бар жағдайды жасауда.
СНХ: РАУЗА ЕСМАҒАМБЕТОВА, МАКИНСК ҚАЛАСЫ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Біз қызметің 7 түрін көрсетеміз. Бұл әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, құқықтық, экономикалық. Қазіргі уақытта біздің мекемеде 60 қызмет алушы тұрады, олардың барлығы қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Біз оларға күнделікті өмірге қажетті заттарды сатып аламыз. Біз әрқашан сапалы тауарларды алуға тырысамыз. Біздің қызмет алушылар байқауларға қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болады. Спорттық іс-шаралардан қалған емеспіз.
ИНТЕРШУМ
РКС: Қызмет алушылар күніне 5 мезгіл тамақтанады. 60 тұрғынның барлығы бір жыл бойы дәрігерлердің бақылауында. Оларға жалпы тәжірибелік дәрігер, невропатолог, медбикелер және басқа да мамандар қызмет көрсетеді. Терапевтік массаж да бар.
СНХ: ТАТЬЯНА ДАНИЛЬЧЕНКО, МАКИНСК Қ. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН АЛУШЫ: Мен Зерендіден келдім. Мен мұнда 11 ай тұрамын, маған ұнайды. Мен Мәскеуде қызымның қолында ұзақ уақыт тұрдым. Бірақ ол жерде тұрғым келмеді, өз Отанымда болғым келеді. Сондықтан осында келуге өзім өтініш жаздым, өйткені менің үйім жоқ. 58 жасымда зейнеткерлікке шықтым, қазір 65 келдім. Мен де бәрі жақсы.
РКС: Мекемеде қонақ бөлмесі бар және 50 адам жұмыс істейді. Пансионат тұрғындарының игілігінде тренажер залы, медициналық кабинет, емшара кабинеті, психологиялық түсіндіру кабинеті, еңбек терапиясы кабинеті, кітапхана, акт залы бар. Қызметкерлер туыстарымен қарым-қатынасты жеңілдету үшін жұмыс істеп жатыр. Осы мақсатта орталықта тегін Wi-Fi бар.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ