ДИКТОР: Облыстық маңызы бар аудандар мен қалалар әкімдерінің сайлауын өткізу науқаны аясында сайлау комиссияларының мүшелері үшін 26-28 қыркүйек аралығында оқу семинарлары өтті. Бұл оқытулар Жақсы, Есіл және Астрахан аудандарында жүргізілді. Семинар барысында «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны өткізілді. Онда дауыс беру күнінің барлық кезеңдері қаралды. Сонымен қатар, тыңдаушылар сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы және дауыс беру күні туындайтын стандартты емес жағдайлар туралы кейстік тапсырмаларды қарастырды. Оқу соңында қатысушылар сайлау заңнамасын білу бойынша тестілеуден өтті. Семинар жұмысына барлығы 285 адам қатысты. Қазан айында осындай науқан Ақкөл және Шортанды аудандарында өтеді.