ДИКТОР: Биыл облыстық цифрландыру және мұрағаттар басқармасының «SmartAqmola» базасында «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркімен бірлесіп «Aqmola IT Hub» өңірлік технопаркі ашылды. Негізгі қызмет ІТ-стартаптарды құруға және дамытуға, сондай-ақ, ІТ-мамандарды оқытуға және облыста ІТ-қоғамдастықты дамытуға бағытталған.

РКС: Ақмола облысынан 100-ден астам адам бағдарламалау саласында сапалы білім алады. Облыс орталығындағы Python және Data-талдау бағдарламалары бойынша офлайн форматында 40 оқушы оқып жатыр. Қалғандары Республика бойынша орналасқан басқа да мектептерде білімдерін ұштамақ.

СНХ: ДИАН АЙБАШПАНОВ, «ASTANA HUB» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ IT-СТАРТАПТАР ТЕХНОПАРКІНІҢ ӨҢІРЛІК МЕНЕДЖЕРІ: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылға дейін 20 мың ІТ-маманын оқыту қажет. Ол үшін «Astana hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі әкімшілігі «TechOrda» мемлекеттік бағдарламасы құрылды. Осы бағдарлама бойынша биыл 3 мың ваучер бөлінді. Яғни біз 3 мың адамды түрлі IT-мамандықтарға оқытамыз. Бұл 83 IT мектеп. Олардың 219 курсы бар. Осы ІТ-мектептердің екеуі Көкшетауда ашылды.

РКС: Әрбір студенттің 600 мың теңгеге дейін грант алуға мүмкіндігі бар. Оны аккредиттелген жеке меншік мектептерде түрлі IT-мамандықтарға ақы төлеп оқу үшін пайдалануға болады.

СНХ: МЕРЕЙ ЖАҚЫМОВ, «KOKSHELAB» БАҒДАРЛАМАЛАУ МЕКТЕБІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ: Біздің «Kokshelab» мектебі биыл «TechOrda» қолдауымен «Astana Hub» бағдарламасы бойынша іске қосылды. Қазіргі таңда 11 грант алдық. Бірақ одан әрі баруға шешім қабылдадық. Біз ішкі гранттар бойынша студенттерді көбірек алуға шешім қабылдадық. Бізде бағдарлама өте жақсы, онлайн және офлайн сабақтар бар. Арнайы форматта құрастырылған, жұмыс күндері 2 сағат Zoom немесе Facebook арқылы өтеді. Демалыс күндері 2 сағат. Бұл жұмыс істейтін адамдар үшін арнайы жасалған.

РКС: Оқуға түсу үшін өтініш берушілер іріктеудің бірнеше кезеңінен өтуі тиіс. Талаптарды IT-мектептердің өздері қояды. Оқуға ниет білдіргендер алдымен әңгімелесуден өтеді, содан кейін логикалық тест тапсырады.

СНХ: ЭДУАРД ВАЛЛ, «AQMOLA IT HUB» ӨҢІРЛІК ТЕХНОПАРКІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен «Aqmola IT Hub» мектебінде Data-талдау курстарынан өтемін. Мен тестілеуден өткен кезде грант алдым. Маған силабус жіберілді. Мен оны көрдім, біз өтетін тақырып маған өте ұнады. Себебі, Data-талдау өте қажетті лауазым. Сондықтан, осы мектепте аталған курстарды оқып үйренетініме өте қуаныштымын.

РКС: Жарты жылдың ішінде студенттер IT саласын одан әрі дамыту үшін барлық қажетті базаға ие болады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ