ДИКТОР: Ақмола облысына Ресей Федерациясының Красноярск өлкесінің делегациясы ресми сапармен келді. Бұл сапар - Астана қаласында алғаш рет өткізіліп жатқан "ИННОПРОМ. Қазақстан" халықаралық көрмесіне қатысу шеңберінде Қазақстанда болу бағдарламасының жалғасы. Сапар аясында делегация жергілікті атқарушы билік өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесті.
РСК: Кездесуде сауда-экономикалық, мәдени, әлеуметтік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері туралы сөз қозғалды. Өңіраралық кооперацияны дамыту мақсатында ұйымдастырылған екі өңірдің компанияларының кездесуінде Ақмола және Красноярск компаниялары өндірілетін өнімнің экспорты, импорты бөлігінде өзара тиімді әріптестікті жолға қою мәселелерін талқылады.
СНХ: ОЛЬГА САМОШКИНА, «СОСНОВОБОР МЕТАЛЛ КОНСТРУКЦИЯЛАР ЗАУЫТЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Мен «INNOPROM» көрмесіне барып, бірнеше жобаны ортаға салдым. Қазақстаннан келген тапсырыс берушілермен біздің бағаларымыз бәсекеге қабілетті болып шықты. Қазақстанның зауыттарымен салыстырғанда.
РКС: Шет елдік кәсіпкерлер өңірдегі ең ірі алтын өндіруші "Алтынтау Көкшетау" компаниясы, "Тыныс" қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорнына және "Eurasia Group Kazakhstan" ауыл шаруашылығы машина жасау саласының кәсіпорнында болып, өндірістік барысымен танысты. Сондай-ақ, олар өздерінің өнімдерін отандық кәсіпкерлерге ұсынып, қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды.
СНХ: МАРК МОЛЧАНОВ, «СКАЙ ТЕХНОЛОДЖИ 2015» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің компания басқару жүйесінің жоғары дәлме-дәл жабдықтары мен координаттарын әзірлеумен және өндірумен айналысады. Біз 2006 жылдан бастап шықтық. Нарықта жүргенімізге 17 жыл. 700-ден астам жабдық орнатылды. Біздің жабдықтар тек Ресейде ғана жұмыс істемейді шет елдерге де тасымалданады.
РКС: Ақмола облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы сауда айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 350 миллионға жуық АҚШ долларын, оның ішінде экспорт 106 миллионнан астам АҚШ долларын, импорт 243 миллион АҚШ долларын құрады.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ