ДИКТОР: Көкшетауда ақын, жазушы-драматург, журналист Төлеген Қажыбайдың "Төкеңнің төл мұрасы" атты таңдамалы көптомдығының тұсаукесері өтті. Іс-шараның мақсаты Төлеген Сыздықұлының рухани мұрасын, шығармашылығы мен өмір жолын көпшілікке насихаттау, жас ұрпақтың Төлеген тұлғасын тануға ықпал ету, көркем әдебиетке ынталандыру,- дейді ұйымдастырушылар.
РКС: Ақын, жазушы-драматург, журналист Төлеген Қажыбайдың "Төкеңнің төл мұрасы" атты таңдамалы көптомдығы 200 комплектіде шықты. Бір комплектіде 7 том жинақталған. Таңдамалы еңбек жинағын құрастырушы ұлы Аян Төлегенұлы.
СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайда айтқан еңбек адамын ұлықтау бойынша берілген тасырмасына сәйкес бүгінгі құрмет көрсетіліп отырған Т.Қажыбай нағыз адал азамат, еңбек адамы еді. Еліміздің оның ішінде облыстағы жастарды тәрбиелеуде, оның ішінде БАҚ саласына сіңірген еңбегі ұшан теңіз.Бұл нағыз халыққа қызмет етудің тамаша үлгісі.
СНХ: АЯН ҚАЖЫБАЙ, ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЙДЫҢ ҰЛЫ: Өзінің текті де тегеурінді талантымен қазақ әдебиетін әлемдік аренаға қосуда, сөйтіп өзі де планетарлық тұлғаға айналған Көкшеден ұшқан көк қаршығасы Төлеген Қажыбайды сұм ажал құрығы арамыздан алып кетті, кезектесіп келер апталарда, жылыстаған жылдарда ендігіде қайран әкеммен бірге ғұмыр кешпейтінімді сезіну үлкен күйікті сезімге, күйікті халге жүректен мәңгі кетпес жара салғандай.
ИНТЕРШУМ: кітаптың тұсауы кесілді
РКС: "Төкеңнің төл мұрасы" атты таңдамалы көптомдықтың ішінде Төлеген Сыздықұлының әр жылдар бойы жазған өлеңдері, проза, поэзия мен драматургиясы топтастырылған. Бұл еңбек ендігі кезекте облыстағы барлық кітапханаларға, оқу орындарына үлестірілмек.
СНХ: ҚУАНЫШ ОСПАНОВ, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жалпы Төлеген ағамызды білесіздер, Көкшенің абызы болған, Көкшетаудың ақылғөйі, батагөйі болған абзал ағамыз еді. Сол Төлеген қайтыс болған күннен бастап, Көкшенің зиялы қауымы облыс әкіміне өтінішпен барған едік. ол кісінің көптомдық шығармалар жинағын шығару керек деп. Содан бері бір жылдай уақыт өтті. 7 томдық таңдамалы еңбектер жинағы жарыққа шығып отыр. скл. Біздің Көкшетаудың өскелең ұрпағы осы Т.Қажыбай сияқты ағамыздың туындыларын оқу керек. біз ол кісінің көзін көріп қалғандармыз. Бізден кейінгі ұрпаққа бұл керек дүние деп ойлаймыз. Өлкенің дарындарын өскелең ұрпақ білу керек.
РКС: Іс-шарада қазақ руханиятына үлкен үлес қосқан, жазушы Төлеген Қажыбаймен үзеңгілес, әріптес, замандас болған жандар сөз алып, естеліктерімен бөлісті.
ИНТЕРШУМ: концерттен үзінді
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ