ДИКТОР: Қалалық қазақ үлгілі кітапханада оқырман конференциясы өтті. Шара Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы аясында ұйымдастырылған. Оған кітапхана оқырмандары мен жергілікті білім ошақтарының студенттері қатысты. Жиында талантты тұлғаның шығармашылығы жайлы сөз қозғалды. Тілшіміз толықтырсын.
РКС: Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған қаламгерлердің бірі. Оның шығармалары да ең көп оқылатын жазушылар қатарында. Ол журналистика мен көркем әдебиетті байланыстырып жазған алғашқы қаламгер. Оның жазу стилі де ерекше болған. Жиынға қатысушылар Оралхан Бөкейдің туындыларын сүйсініп оқимыз дейді. Тілі жатық, әрі жеңіл.
СНХ: ЭЛЬМИРА ЖҰМАҒҰЛОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Оралхан Бөкей шебер, талантты тума ғой. Оның қай туындысын алсақ та тұнып тұрған философия, психология. Жастайынан кез келген адам, оқушы болсын, ересек адам оқыса да, тілі жатық, жеңіл. Шығармаларының тәрбиелік мәні өте зор. Оқу жылының басталғанына шамалы уақыт өтсе де біз балаларды оқуға, білім алуға, әдебиетті, өнерді сүйе білуге баулу мақсатында қалалық кітапханаға үнемі студенттерді әкеліп, осындай шараға қатысуға тырысамыз. Оралхан Бөкейдің шығармашылығы өте кең, бай деуге болады.
РКС: Оралхан Бөкей –адам жұмбақ, ғалам – жұмбақтың тереңіне үңілген ізденісін танытатын шығармасының бірі – «Қар қызы» повесі. Бұл туынды әдеби кеште талқыланды. Студенттер осы тақырыпқа байланысты оқулықты оқып, қаламгер жайлы басқа ғалымдардың ой-пікірлерін іздеп, қарап келіпті. Айта кетсек, повестің алғашқы нұсқасы 1977 жылы жазылып, кейін қайта өңделген.
СНХ: ЛАУРА САҒАДАТОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Талданатын шығарма «Қар қызы». Оны өзіміз баяғыдан білеміз. Осы шығарма терең мағыналы, жақсылық пен жамандық бірге жүреді, жақсылықтан кейін жамандық келеді деген мағынада деп ойлаймын. Оралхан Бөкей қазақ әдебиетіне көп үлес қосқан. «Қар қызы» шығармасы ең танымал шығармаларының бірі.
РКС: Жалпы, осы шарада оқырмандар жазушының өнегелі өмірімен, шығармашылығымен жан-жақты таныса алды. Шараға қатысқандардың бірі дара тұлғаның шығармашылық жолын баяндаса, басқалары журналистика саласындағы жетістіктерін сөз етті.
СНХ: ЖАНАР АЙТҚОЖИНА, ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Қалалық үлгілі қазақ кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай қаламгердік «Қар қызы» повесі бойынша оқырман конференциясы ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – оның шығармашылығын насихаттап, жастардың өзінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті ояту, кітапханаға оқырман ретінде тарты, кітап оқуға шақыру. Сондай-ақ, қазақ ақын-жазушыларының шығармашылықтарына қызығушылықтарын оятуға баулу. Ұлт әлеуетімізге деген қызығушылықтарын арттыру.
РКС: Шара соңында қатысушылар ақын қаламгердің шығармашылығына арналған «Алтайдың кербұғысы» атты кітап көрмесін тамашалады.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ