ДИКТОР: Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын орындау шеңберінде, табиғи монополиялар нысандардың тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есептерге талдау жүргізді. Бүгінде 1 миллиард 300 миллион теңге сомасына тарифтік смета шығындардың және инвестициялық бағдарламалардың орындалмағаны анықталды.
РСК: Тарифтік смета шығындары бірнеше бағыт бойынша іске аспаған. Ол, жылумен қамту 855 миллионна астам, электро-қуат жүйесі 19 миллионнан астам, сонымен қатар, сумен жабдықтау 325 миллион теңгені құрады. Осылайша, осы сомма уақытша өтемдік тарифті енгізу арқылы тұтынушыларға қайтарылады немесе тарифтің кіріс бөлігінен ұсынылатын өсімді азайтуға алынады.
СНХ: ДУМАН ҚАЛЫБЕКОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Облыс бойынша электрмен жабдықтау саласында желілер 66 пайыз, су құбырлары 50,9 пайызға, сондай-ақ кәріз жүйелері 59 және жылу желілері 55,6 пайызға тозған. Осыған байланысты жаңа тарифтік жүйені іске асыру мақсатында департамент инвестицияларға айырбастау тарифін, монополист субьектілердің өтінімдерін, сараптамадан өткізді.
РКС: Стратегиялық тауар құнының өзгеруіне байланысты тарифтер де өзгерген. Осыған байланысты орташа айлық есептік көрсеткіштің және инвестициялық бағдарламаның өзгеруіне байланысты бірнеше нысан жүгінген. Олар: «Атбасар су», «Бурабай су», «Көкшетау энерго» және тағы басқалары.
СНХ: ДУМАН ҚАЛЫБЕКОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Биыл бізге 7 нысан жүгінді. Бұл «Көкшетау су арнасы» сарқынды суды бұру бойынша. Жоба 134 теңгені құрап, қолданыстағы тарифтен 15 теңгеден 91 теңге көлемінде бекітілді. «Көкшетау су арнасы» бойынша қосымша инвестиция 75 миллион теңгені құрады. Қосымша инвестициялық бағдарлама 60 пайызға орындалды.
РКС: Бұл қосымша инвестициялар желілердің тозуын 2023 жылы орта есеппен 2 пайызға азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, 2024 жылға инвестициялық бағдарламаларды ұлғайту көзделіп отыр.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ