ДИКТОР: Өңірде баспана мәселесі өткір тұр. Жыл соңына дейін 15 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұл туралы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесінде талқыланды. Сонымен қатар 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы пысықталды. Алдағы 4 жыл ішінде 3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

РКС: Биыл өңірде 650 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылысқа 16,9 млрд. теңге инвестиция тартылған.

СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өңірде 2836 пәтерлі 56 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Ерейментау, Есіл, Жақсы, Целиноград аудандары көрсеткіштерді мүлде орындамаған. Жыл басынан бері облыста 412,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3803 пәтер пайдалануға берілді.

РКС: Жақсы ауданында биыл 27 пәтерлі жалға берілетін үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бірақ құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған. Оған себеп қаражаттың жетіспеушілігі. Құрылысты аяқтау үшін шамамен 246 млн теңге қажет.

СНХ: АЛМАГҮЛ ҚАДЫРАЛИНА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Тұрғын үй құрылысын жалғастыру үшін қаражаттың жетіспеуіне байланысты жыл соңына дейін Жақсы ауданында тек 1,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, қаңтар-тамыз айында аудан бойынша 1638 шаршы метр үй қолданысқа берілген.

РКС: Сонымен қатар жиында жатақханалар және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу мәселелері талқыланды. Биыл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 47 жобасының құрылысы жүргізілуде. 36,8 шақырым инженерлік желі пайдалануға берілді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА,ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ,КӨКШЕ АҚПАРАТ