ДИКТОР: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, облыстық мәслихат пилоттық өңірлерде сайлау өткізу күнін белгілеу туралы шешім қабылдады. Өңірдің 5 ауданында әкім сайлауы өтеді. Аудан әкімдерін сайлау күні 5-ші қараша күні деп белгіленді. 16 қыркүйектен бастап облыстық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиясы және аталған аудандар өз жұмыстарын бастап кетті.
РСК: Астрахан ауданында 19 мыңнан астам тұрғыны бар. Ал сайлаушылар саны - 15 246. Ауданда 36 сайлау комиссиясы ұйымдастырылған. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы 7 адамды тұрады. Оның ішінде сайлау комиссиясының 3 мүшесі тұрақты негізде жұмыс істейді.
СНХ: БАЛТАШ САҒНАЕВ АСТРАХАН АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
РКС: Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар саны 500-ден 2000-ға дейін жетеді.
СНХ: АСЫЛТАС ЖАПАРОВА АСТРАХАНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жақында аудан әкімі сайланады. Халықтың өз таңдауымен сайлау өткізгені өте дұрыс шешім. Енді келген әкім көп мәселелерді шешеді деп ойлаймын. Жаңа келер әкімге біздің ең бірінші өтінішіміз жастарды ауылға келтіру. Жастарға үй салып, жұмыспен қамту. Оған қоса ойын-сауық алаңдары болса жастар тартылады ауылға. Сонымен қатар, қарттарды да ұмытпауымыз керек.
РКС: Сондай-ақ, Астрахан ауданында 529 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның ішінде 457 адам дауыс беру құқығына ие. Олардың ішінде 30 адам мүгедек арбасын пайдаланады. 5 адам толық көру қабілетінен айырылып, 13 адам есту қабілетінен айрылған. Оларда үйлерінде дауыс беру мүмкіндігі бар.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ