ДИКТОР: 27 қыркүйекте елімізде мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері күні атап өтіледі. Барлық уақытта балабақша бала үшін екінші үй болды, өйткені бұл жерде балалар уақытының көп бөлігін өткізеді. Мұғалімнің маңызды міндеттері: баланы қызықтыру, жағымды эмоциялар туғызу, білімге деген сүйіспеншілікті ояту.
РЗК: Балабақша – баланың дамып, білім алатын орны. Мұғалімдер күнделікті сабақтарды қатып қалған қалыпта емес, тәрбиелік және ерекше етеді. Балалармен жұмыс істей отырып, тәрбиешілер оларға белгілі бір білім, білік, дағдыларды үйретеді. Сонымен қатар оқу процесіне қызығушылықты оятады.
СНХ: БОТАГӨЗ СӘРСЕНБАЕВА, Ю.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ БАЛА-БАҚША ДИРЕКТОРЫ: Бізде 11 топ бар, оның 3-і санаториялық топ, 4-і мемлекеттік тілде оқиды. Қазіргі таңда 29 мұғалім жұмыс істейді. Көптеген байқауларға қатысып жүрміз. Биыл «Қазақша қалай, балақай?» байқауында үшінші орын, ал «Мен зертеушімін» байқауынан бірінші орын алдық. Сондай-ақ жыл мұғалімі музыка жетекшісі Мамрина Жанна Ильяшевна де бірінші орынды иеленді. Мерекеге орай әріптестерімді құттықтағым келеді. Сіздерге денсаулық, бақыт, шығармашылық табыс, отбасылық амандық, бар жақсылықты тілейміз.
РЗК: Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу оқу-тәрбие процесінің маңызды және құрамдас бөлігі. Баланың дамуының негізі ерте жастан қаланады. Ал одан әрі мектептегі білім мен жеке тұлғаны дамытудағы табысы осы іргетастың қаншалықты сапалы, сенімді және берік болуына байланысты.
ИНТЕРШУМ
РЗК: Балалармен жұмыс істейтін мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өйткені, ол жас баланың санасына дұрыс нұсқаулар мен құндылықтарды қалыптастырады. Сезімталдық, мейірімділік, шынайылық, балаларға деген зор сүйіспеншілік – жоғары білікті маманның бойында осындай қасиеттер болуы керек, - дейді 19 жыл қызмет етіп келеген Наталья Погребицкая.
СНХ: НАТАЛЬЯ ПОГРЕБИЦКАЯ, Ю.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ БАЛАБАҚША: Балабақша тәрбиешісінің бойында болуы тиіс басты қасиет – әрине, балаларға деген сүйіспеншілік. Ұстаздың жүрегінде әр баланың, мейлі ол бұзақы болсын, тентек қыз болсын, тыныш болсын, өз орны бар. Әр бала үшін мұғалім өз кілтін алуы керек
РЗК: Балабақша тәрбиешілері қалалық, облыстық, республикалық байқауларға жиі қатысады. Олар дипломдарға, сертификаттарға ие болып жүр. Ал ұстаздардың пікірінше, басты марапат – балаларының сенімді қолында екенін анық білетін ата-аналардың шынайы алғыс сөздері.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ